Тутанхамонның бойтұмары неден жасалғаны белгілі болды

Тутанхамонның бойтұмары неден жасалғаны белгілі болды
Фото: nauka.vesti.ru

Кертин жоғары оқу орнының ғалымдары Тутанхамонның бойтұмары жасалған көне мысырлық сары әйнектің неден жасалғанын анықтады.

Зерттеу жұмыстары Geology журналында жарияланған. Мамандар 29 миллион жыл бұрын Батыс Мысыр аумағында пайда болған цирконның (зергерлік өнері мен техникада қолданылатын түсті минералдың бір түрі) кішкентай бөлшектерін зерттеген. Нәтижесінде сары әйнекте метеорит құлауының арқасында жоғары қысымда пайда болатын минерал - рейдиттің ізі қалғаны анықталды. Бұған дейін ғалымдар Тутанхамонның бойтұмары жасалған сары әйнек атмосферадағы жойқын жарылыстың нәтижесінде пайда болды деп жорамалдаған болатын. Ал оның нақты қалай құрылғаны 100 жылдан кейін белгілі болды.

Тутанхамон (б.з.д. 1341-1323) Жаңа Патшалық кезеңінде билік құрған. Оның өлімі әлі күнге дейін ғалымдардың басты жұмбағы болып қала бермек.

А. Рысдәулет