Ерекше гүл сұрыбына Меган Маркл аты берілді

Ерекше гүл сұрыбына Меган Маркл аты берілді
Фото: elle.ru

Жаңа өсімдік Ұлыбританиядағы басты бағбандық Chelsea Flower Show шарасында таныстырылады.

Бірнеше күн бұрын Кенсингтон сарайы Кейт Миддлтонның жаңа жұмысы туралы хабарлады. Кейттің мамыр айында Лондонда болатын Челсидің атақты гүлді шоуына арнап бау-бақша отырғызғандығы айтылды. Бұл – әлемдегі ең атақты бағбандық шара, ол жерде сарапшылар жаңа гүлдердің жобасын ұсынады.

Ол фестивальде Кейт корольдік отбасы атынан жалғыз өзі болмайды. Ол Меган Маркл үшін де маңызды шара болмақ. Себебі бұл шоуда герцогиня Сассекская атағы берілген гүл алғаш рет ресми түрде таныстырылады. Сонымен қатар, бұл Меган босанғаннан кейінгі халық алдына шыққан алғашқы шарасы болуы мүмкін.

«Меган» атауын алған гүл – қанық күлгін реңкті клематистің бір түрі. Бұл гүл канадалық актриса мен британдық ханзада некелескеннен кейін пайда болған. Оны бақшаңызға отырғызу үшін ғаламтордан сатып алуға болады.

Ертегі шындыққа айналғанда: Ханзада махаббаты жайлы фильм

А. Жапатова