Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Өзге елде ақшаңыздан айырылып қалмаңыз!

Өзге елде ақшаңыздан айырылып қалмаңыз!

Өзге елде ақшаңыздан айырылып қалмаңыз!

Шетелде ақша операцияларын жүргізген кезде абайлаңыз. Кез келген елде демалуға келген жандарды бірден байқап, аңдып жүретін ұры-қарылар мен айлакерлер жетерлік. Банктің жабық есігінің алдында тұрған сізді көрген бойда олар пайда болады. Испания мен Италия елдерінде олар түскі демалыс уақытында, Израильде сенбі күні, Польша мен Францияда жексенбіде өз қулығын жүзеге асырады.

Айлакерлік амалдар валюталық операцияларды жүргізу барысында болады. Әдетте, мұзға отырғызудың екі жолы бар: бірі ірі ақшаны ұсақтау сәтінде, бірі базар аралау кезінде.


Ақша ұсақтау кезінде айлакерлер сізге ақшаңызды дұрыс қайтармайды. Осы кезде екінші айлакер келіп, сізге байқатпай ұсақ ақша қағазын салып жіберуі мүмкін. Мұндай айлакерлер Шығыс Еуропа елдерінде көп кездеседі.

Базар аралаған кезде жан-жағыңызға қарап, абайлап жүріңіз. Себебі, тауар таңдау мен сатып алу кезінде сізден садақа сұрап, сізді цыған балалары, мүгедектер, қайыршылар қаумалап алуы мүмкін.

Сондай-ақ, шетелдерде қалта тонаушылар жиі кездеседі. Венада әмияндарды темір жол вокзалдарында ұрлайды. Швейцарияда қалта тонаушылар халық көп шоғырланған орталық көрмелер мен жәрмеңкелерде жүреді. Қалта тонаушылары ең көп шоғырланған мемлекеттер: Испания, Италия, Тайланд, Филипинны, Франция, Ұлыбритания.

Ал Финляндия және Біріккен Араб Әмірлігі елдерінде ұры-қарылар жүрмейді. Себебі, бұл мемлекеттерде кез келген азамат ұрлық үшін үлкен жауапқа тартылады.


Кәдеңізге жарар кеңестер

  • Ақша-қаражаттарыңызды сыртқы қалтаға салмаңыз.
  • Өзіңізбен бірге құжаттар мен ұшақ билетін алып жүрмеңіз. Мұның барлығын сіз қонақүйдегі сейфке қалдырып кете аласыз.
  • Халық көп шоғырланған жерлерде (касса, дүкен, жәрмеңке) сақ болыңыз. Жан-жағыңызға қарап, өз дүниелеріңізге ие болыңыз.
  • Бейтаныс жандардан өз заттарыңызды қарай тұруын өтінбеңіз.
  • Күдік туғызған жандармен жақын араласпаңыз, бір ортада болып, алкогольді ішімдік ішіп, ауқаттанбаңыз.

Форумда талқылау

Суреттер http://www.rasse1.com, http://obozrevatel.com, http://www.trud.ru, http://apoloniatour.blogspot.com ғаламтор беттерінен алынған

1758 13
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 09 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
09 ақпан 2012, 10:55

Біздің елдегі ұры-қарыларды Араб елдеріндегідей жазалса ғой

+0
09 ақпан 2012, 11:53

Қай жерде жүрсең де жан-жағыңа абайлап жүрген дұрыс.

+0
09 ақпан 2012, 12:47

Осы жайлы Қуаныштың әңгімесі есіме түседі. Европаға бал айына барып, дәл қайтар жолда ұшақ ауыстыратын кезде паркте ұйықтап қалып, фотоаппарат, документтерінің бәрін ұрлатып алғандары. Соны ойласам, олардан бұрын өзімнің ішім ашиды. ))

+0
09 ақпан 2012, 13:58

өте жақсы кеңес екен, жуырда Үндістанға бара жатырмыз, ол жақта қалай екен? Дегенмек, сақтанғанды сақтайды, сақтанып жүрген абзал шығар..!

+0
09 ақпан 2012, 14:20

Үндістанда да жағдай мәз емес. Ол жақтың ұрылары кішкентай балалар. Топ-топ болып, артыңызға жабысып алады екен. Оны маған Делиге барып келген құрбым айтқан. Дұрыс айтасыз, сақтансаң сақтайды. Сапарыңыз сәтті болғай!

+0
09 ақпан 2012, 14:22

Рақмет, мен де дәл осы Делиге барғалы жатырмын, бұйыртса, енді бір АЛЛАға сендік!

+0
09 ақпан 2012, 14:30

Оооо, керемет! Аман-есен барып келіңіз! Сапардан алған әсеріңізбен кейін бізбен бөлісіңіз)))))))))

+0
09 ақпан 2012, 15:01

Рақмет, Ғазиза, міндетті түрде келгесін жазып бөлісемін))))))))))

+0
20 ақпан 2012, 16:59

Үндістанда Қазір СНГдан қыздарға келуге запрет тыйым салынды! Жеңіл жүрісті жехөкшелердің қаптап кетуіне байланысты! Осыны біліп қойыныз

+0
20 ақпан 2012, 17:04

рақмет, біліп жүремін))))))))))))

+0
21 ақпан 2012, 13:28

Ал мен осы отпускте Тайландқа бара жатырмын! Ол жақта қалай екен білетіндер бар ма?

+0
13 ақпан 2012, 11:31

біз Түркияда барсеткамыздан айырылғанбыз көшеде келе жатып..... ақшамыз көп болмаған, бірақ сонда да біраз әбігерге түстік.

+0
20 ақпан 2012, 00:23

Шетел түгілі Қазақстанда жүргенде де, ақшасы бар адамның түрін салмаймын )))
Ауым-сауым, ақшаңды елге пантоваца етіп көрсетіп, сумкаңа қайта-қайта қолыңды салып әмианыңды тексере берсең ұрылардың көңілін бірден өзіңе аудартасың. Сондықтан менде ақша жоқ деген түрмен жүру керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...