12 қараша - халықаралық пневмониямен күрес күні

12 қараша - халықаралық пневмониямен күрес күні

Бүгін, яғни 12 қарашада аталып өтілетін Халықаралық пневмониямен (өкпе қабынуы) күрес күні (World Pneumonia Day) күнтізбеде балалар пневмониясына қарсы Әлемдік одақ негізінде пайда болды. Осылайша халықаралық бірлестіктер, үкіметтік, үкіметтік емес және жергілікті ұйымдар, ғылыми-зерттеу және оқу институттары, белсенді азаматтар мен түрлі қорлар осылай аталды. 

Осы одақ пневмонияға мемлекеттік мәселе ретінде қарауға мүмкіндік берді. Сол үшін арнайы мамандар мен денсаулық сақтау органдары жұмылдырылды. 

Дәл осы күні денсаулық сақтау орындары профилактикалық шаралар ұйымдастырып, медициналық тексеріс өткізеді. Сонымен қатар бұл ауру жөнінде ақпарат пен кеңес парақтар таратады. 2009 жылы ғана пневмонияға қарсы одақ "Пневмония емі мен оған қарсы тұрудың әлемдік жоспарын" бекітті. Бұл жоспардың негізгі мақсаты - түрлі медициналық шаралар арқылы балалар денсаулығын пневмониядан қорғау. Өйткені әлемде ең бірінші кезекте осы аурудың зардабын балалар тартады. Ал соңы кәмелетке толмағандардың өліміне әкеп соқтырады.

Жыл сайын осы ауру әлемнің 1,4 миллион баласының (5 жас шамасындағы) көз жұмуына себепкер болады. Бұл СПИД-тен көз жұматындардың көлемінен де көп.

Массагет.кз ұжымы әлем жұртшылығына салауатты өмір салтын тілей отырып, осы салада еңбек етіп жүрген барша мамандар мен ақ халаттыларды мерекемен құттықтайды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: spoemk.ru

А. Әбілхан