Гүлдерге арналған тағы бір мереке

Гүлдерге арналған тағы бір мереке

Нидерланды күллі әлемге қызғалдақ тасымалдушы ел ретінде танымал. Алайда, мемлекеттің тек қана бұл гүлдермен өмір сүрмейтіндігін біреу білсе, біреу біле бермейді. Бұлай дейтініміз, мұнда нарғызгүл өсіру шаруашылығы да жақсы дамыған. Сонымен қатар, голандтық Зюндерт қаласында жыл сайын нарғызгүлге арналған Bloemencorso атты атышулы фестиваль өткізіледі.

Әрине, жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде гүлдерге арналған алуан түрлі фестивальдар өткізіліп жатады. Бірақ, Зюндерт қаласындағы фестиваль бұлардың арасындағы ең танымалы болып саналады. Жергілікті тұрғындар өз қонақтарын таңғалдыру үшін асқан ұқыптылықпен дайындалады. Олар нарғызгүлдерден ерекше әрі қайталанбас мүсіндер жасап шығарады.

Мереке күні Зюндерт қаласының орталық алаңында осы қаланың тұрғындары жасап шығарған бірнеше тұғырнама жүріп өтеді. Және олардың әрбірі таңдай қақтырып, бас шайқатар туындылар болып келеді

Тұрғындар өз тұғырнамаларын жасауды меркеден үш ай бұрын бастайтын көрінеді. Ал нарғызгүлдер фестивальдан бір-екі күн ғана бұрын орналастырылады.

Дәстүр бойынша фестивальға Зюндерттің әр ауданынан он екі команда қатысады.

Bloemencorso фестивалінің танымалдылығы жыл өткен сайын артып келеді. Биылғы жылы Зюндерт қаласы сырттан 50 мыңнан аса адамды қабылдады. Бұл фестивальдің әлемдегі ең үлкен Гүлдер Шеруі екендігін дәлелдейді.

Суреттер:kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева