Әлемдегі ерекше ақшалар

Әлемдегі ерекше ақшалар
Фото: somethinprecious.blogspot.com

Ақша өрениетіміздің тамыры саналады. Әлемде теңге, қағаз және электронды ақшадан пайдаланбау мүмкін емес. Ақша – статус! Бірақ ақшаны баю үшін емес, хобби ретінде жинайтын нумизматтар да бар. Біз сондай коллекционерлер жинайтын ерекше ақшалардың бірнешеуіне тоқталып өтеміз.

"Жұлдыздар соғысы" кейіпкерлері басылған тиын 
Тынық мұхитындағы Ниуэ елі ерекше тиындарды жасауды жақсы көреді. Кезекті ерекше тиындарда олар "Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кейіпкерлерді бейнелепті. Мұның бір данасы 390 доллар тұрады. 

Ханшайым Диана бейнеленген тиын 
Дүние жүзі  Диана ханшайымды әдемілігі, мейрімділігі, жібектей мінезі үшін жақсы көреді. Сондықтан оған арнап ерекше банкноттар шығарып тұрады.

QR-кодты тиындар 
QR-кодтар уақыт өткен сайын жаһанданып бара жатыр. Біраз уақыт бұрын олар тек Жапонияда ғана қолданылатын еді. Енді Нидерландияда QR-кодты алғашқы тиындар шығарылды. Бұл кодта осы елдің Қаржы министрлігінің сайты шифрланған. 

Пластик ақшалар 
Әлемнің кейбір елдері қағаз ақшадан гөрі пластик ақшаларды артық деп санайды. Бұл ақшалар сенімді және сапалы болып келеді. Мысалы, Канада елі пластик ақшалардан пайдаланады.

Құрастырылатын тиындар 
IKEA және LEGO өнімдерінің дизайнері Мак Фунамизу (Mac Funamizu) құрастырылатын тиындар жасап шығарды. Мысалы, олардың 4 бөлігін қалауыңызша 50 цент немесе 75 цент етіп жинауыңызға болады.


Миллион долларлық банкнот
Қазір доллар банкноттарының ең ірісі – 100 доллар. Бірақ 200, 500, 1000 тіпті 1 000 000 (миллион) долларлық банкноттар да бар. Бірақ олар тек сувенир ретінде шығарылған. Мысалы, 1988 жылы Халықаралық миллионерлер клубына мүше болған адамға билет ретінде миллион долларлық банкнотты берген екен. 

Ең ірі банкнот 
Ең ірі банкнот 1946 жылы Венгрияда соғыстан кейінгі инфляция мен деноминация кезінде шығарылған.

Сәуле шашатын ақша 
Қараңғыда ақша санау қиын екенін білеміз. Осындай қиындықтың шешімі ретінде қараңғыда жарық шашатын Luminous Paper Money ақшалары жасап шығарылған. 

Геометриялық фигуралар пішініндегі ақшалар 
Сомалида тегіс төртбұрышты ақшаларға сенбейді екен. Сол үшін олардың ақшасы үшбұрышты, шеңбер, куб тәрізді болып келеді.

Т. Раушанұлы