Саяхат деп осыны айт!

Саяхат деп осыны айт!

Жетпіс төрт жастағы неміс саяхатшысы Гюнтер Хольторф жиырма жылдан бері өзінің Mercedes-Benz Gelandewagen автокөлігімен саяхат жасап келеді. Ол өзінің ұлы сапарын 1989 жылы бастаған екен. Ол кездері Хольторф қарапайым авиакомпанияның қызметкері болған.

Ол күндердің-күнінде өзінің сүйікті әйелімен ақылдаса келе, Африка жеріне саяхат жасау туралы шешім қабылдайды. Бірге аттанған саяхаттың ұнап қалғандығы соншалықты, екеуі де Германияға қайта оралғылары келмейді де, әрмен қарай жалғастыра береді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын саяхатшының әйелі қайтыс болады. Ол өлер алдында күйеуінен саяхатты тоқтатпауын сұраған екен. Нәтижесінде 74-ті алқымдаған Гюнтер Хольторф өзінің темір тұлпарымен бірге саяхат жасауды жалғастырып келеді.

Автокөліктің жалпы жүріп өткен мөлшері 800 мың шақырымды құрайды. Бұл - жер шарын 20 рет айналып шыққанмен тең.

Гюнтер сапар барысында мынадай қарапайым ережелерді бағдарға алған: көлікті қараусыз қалдырмау, қаржыны өз қалтасынан шығару, тамағын өзі әзірлеу. Ол тілшілерге берген сұхбатында ешқашан демеуші іздемегендігін және өз зейнетақысының бәріне жетіп келе жатқандығын атап өтті.

Суреттер:quto.ru,news.astv.ru,auto.lafa.kz,southguide.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева