Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Қытай елі отқа оранатын түн

Қытай елі отқа оранатын түн

Қытай елі отқа оранатын түн

Ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың 15-күні Қытай елінде Юаньсяоцзе шамдар мерекесі атап өтіледі. Халық түнде жаңа жылдың алғашқы ай басын қарсы алады.  Шам мерекесінің екінші атауы – Дэнцзе.

Мереке ай күнтізбесі бойынша 15-күні тойланады. Мереке қарсаңындағы екі күн үлкен дайындық жүргізіледі. 13-күнін «Шамдарды ұсыну күні» деп атайды. Бұл күні кез келген дүкендерде әр түрлі пішіндегі шамдар тізіліп, әр тұтынушы өз талғамы бойынша шамдарды таңдай алады. Ал 14-күнін «Шамдарды тексеру күні» деп атайды. Бұл күні қала көшелері мен аудандары әдемі шамдармен безендіріліп, басты мерекеге дайындық жүргізеді.


Ай күнтізбесі бойынша, биылғы «Шамдар күні» мерекесі 6-ақпанда тойланады. Бұл мереке түні қала көшелері мен аудандарында әр түрлі шамдар жанады. Қала тұрғындары мен қонақтары көше бойын аралап, думанды кештің куәсі болады. Ал шамдар жасайтын шеберлер өзара жарысқа түсіп, өз өнерлерін ортаға салады.

Бұл мерекенің көнеден келе жатқан үлкен тарихы бар. Хань заманында Қытай елін жаппай буддизм жаулаған кезде император будда монахтарының медитациялық рәсімдерін көреді. Олар ай күнтізбесі бойынша 15-күні Будданың құрметіне шамдар жағады. Мұны білген император барлық ғибадатханалар мен сарайларда шам жағуды бұйырады. Уақыт өте келе бұл рәсім күллі Қытай еліне таралып, қарапайым халық тарапынан қолдау табады. Содан бері Қытайдың барлық аймағында Юаньсяоцзе мерекесі жыл сайын тойланады.

Бұл мерекеде күріш ұнынан пісірілген кішкентай домалақ пішінді нан «юаньсяо» тағамын дайындайды. Қамыр ішіне құрма мен түйе бұршақ езбесі, жер жаңғақ, күнжіт, қант майын қосады. Бұл тағамды буға пісіріп, кейін бір қуырып алады.  Кішкентай тәтті домалақтарды танъюань деп те атайды.


Бұл күндері қала көшелерінде мерекелік іс-шаралар атап өтіледі. Өнерпаздар айдаһар не жолбарыс бейнесіндегі шамдармен би билеп, ағашаяқпен жүреді. Шамдармен қатар, бұл мерекеде аспанға отшашулар атылады.

Мерекеден кейінгі екі күн - «Шамдардың  жанып біту» мерекесі. Бұл күндері мерекеден қалған барлық шамдар жанып бітуі тиіс. 18-күн «Шамдарды алып тастау күні» деп аталады. Қала көшелері мен аудандарындағы безендірілген барлық шамдар алынып тасталып, сауда нүктелерінде шамдарды сату тоқтатылады.

Суреттер bruneta.ru, shkolazhizni.ru , chinafood.com.ua ғаламтор беттерінен алынған

7194 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 06 ақпан 2012, 14:00
Пікірлер
+0
06 ақпан 2012, 14:16

шамдар әдемі көрінеді )

+0
06 ақпан 2012, 14:19

Мұндай шамдарды біздің елде де сатады ғой. Сірә, мереке аяқталған соң, сатуға рұқсат бермегеннен кейін бізге әкелетін шығар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...