Жапондық иілу рәсімі

Жапондық иілу рәсімі

Жапония - керемет дәстүрлер елі. Сол дәстүрлердің ең танымалы - иіліп сәлем беру. Иілудің жапондықтардың өмірінде алатын орны соншалықты, олар тіпті телефонмен сөйлескенде иілуді ұмытпайды екен. 

Иілу – мың қырлы өнер. Қаншалықты қатты еңкейіп иілу керектігі түрлі жағдайларда түрліше болады. Иілудің түріне сәлем берген кісінің қоғамдағы орны, ортасында құрметтілігі әсер етеді. Сәлем алғанның да қоғамдық жағдайы иілудің түрін белгілейді. Иілу арқылы тек сәлем беріп, қоштасып қана емес, сондай-ақ рақмет, құттықтау айтады, тілек білдіреді, кешірім сұрайды...

Иілудің бірнеше түрлерін атап өтейік:

  1. Бас изеу, 5 градус. Басты бір рет изеу арқылы достармен амандасады. Сондай-ақ қоғамдағы орны жоғарырақ кісі басқаларға баз изеу арқылы амандасып, қош айтысады.
  2. Сәлемдесу - эсяку 会釈, 15 градус. Бұлай қоғамдағы жағдайы бірдей кісілер амандасады. Олар жақсы таныс болғанмен, жай бас изей сала алмайды.
  3. Құрметпен иілу - кэйрэй 敬礼, 30 градус. Бұл иілу түрі жасы не жағдайы жоғары кісімен амандасқанда қолданылады. Мысалға бастықпен не ұстазбен. Құрметті көрсету үшін, 30 градустан да төмен иілсе болады.
  4. Ең жоғарға құрмет иілуі - сайкэйрэй 最敬礼, 45 градус. Бұндай иілу түрі кешірім сұрау үшін, не патшаға қолданылады. Алайды мұндай иілу түрін жиі қолдана бермейді.

Егер бір күні жолыңыз Жапонияға тартып, осы керемет елге аттансаңыз, жапондықтар сізді шетелдік деп, иілгеніңізді күтпейді. Алайда дәстүрмен жақсы таныс екеніңізді көрсетсеңіз, олардың көңілінен шығатыныңыз рас. Адамның қоғамдық дәрежесін анықтау қиын болса, 30 градусқа иіліңіз. Бұл сіздің тарапыңыздан құрметті көрсетеді. Иілуіңіз табиғи көрініп, ойнақы болмау керек. Ал дүкен, мейрамхана, қонақ үй сынды жерлердегі қызмет көрсететін кісілерге иілу міндетті емес, олар бұл қызметтері үшін ақша алады. Алайда тәрбиеңізді көрсетіп, бас изесеңіз болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А