Асыл тастар аралы

Асыл тастар аралы

Адамзат баласы бағзы замандардан бері Шри-Ланканы «асыл тастардың аралы» деп атап келеді. Өйткені бұл мекеннің 90%-ға жуық бөлігінде алуан түрлі бағалы тастар жатыр. Статистикаға сүйенер болсақ, Шри-Ланкада өзге еш жерде кездеспейтін 85 түрлі асыл тас бар екен.

Ертеде, нақтырақ айтар болсақ, араб саудагерлерінің заманы шарықтап тұрған кезеңдерде бұл аралды «Серендип» деп атаған. «Серендип» атауы «жоспарланбаған, кездейсоқ ашылулар» деген мағынаны білдіретін «серендипити» сөзінен шыққан.

Көптеген теңіз саяхатшылары бұл аралға патшалар мен ақсүйектердің, сұлтандардың тапсырамасы бойынша, мемлекет қазынасына қосу немесе тәждерді безендіру үшін асыл тастарды алып кетуге келетін болған.

Шри-Ланка осы «Серендип» атауымен атақты Сандыбат туралы хикаяларға, «Мың бір түн» ертегілеріне арқау болған.

Шри-Ланканың патшасы жақұт (сапфир) саналады. Ағылшын тәжін безендіруде қолданылған атақты көк жақұт - «Көгілдір сұлу» көрген көздің жауын алады. Сондай-ақ, бұл таспен Нью-Йорк мұражайына қойылған атақты «Үнді Жұлдызы» әшекейленген.

Шри-Ланкада тағы да қандай тастар бар дейсіз бе? Онда сапфирдің көгілдір түстерімен қатар, сарғыш, алқызыл, сары, ақ түстері кездеседі.

Лағыл тастар, әсіресе, жұлдызды лағыл тастар да Шри-Ланканың патшаларының бірі. Сонымен қатар, анар тастар, эссонит (сарғыш-қызыл қоңыр), альмандин (алау-жалау), родолит (қызыл), спесартит (қызыл қоңыр), жасылды александрит, мысық көзді тастар, айлы тастар, аметист, аквамарин, берилл, топаз (қызыл қоңыры жиі кездеседі), циркон, турмалин (алтын түсті), шпинель атты бағалы тастар көптеп кездеседі.

Суреттер: dragkamen.ru,omsk-media.ru,skidkaest.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева