Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Жеуге жарамды қалыңдық көйлегі

Жеуге жарамды қалыңдық көйлегі

Жеуге жарамды қалыңдық көйлегі

Қазіргі таңда заманауи қалыңдықтар өздерінің тойларында жалға алынған, арнайы тапсырыспен тіктірілген немесе дүкендерден сатып алынған көйлектерді кигенді жөн көріп жатады. Алайда, сол бағасы удай көйлектердің той біткен соң еш керекке жарамастан тұрып қалып жататындығына шағым айтатындар қатары да жоқ емес.

Атақты колумбиялық аспаз Хуан Мануэль Барриентос «Colombiatex fashion show» жобасы барысында бұл қиындықтың шешімін тапты. Қалай дейсіз бе? Ол ойлап тапқан көйлектер көздің жауын аларлықтай әдемі ғана емес, жас-жұбайлар үшін дәмі тіл үйірер тағам бола алады. Яғни, көйлекті тойдан кейін сандығыңызға сақтап қоюдың орнына, қонақтарға тіске басар ретінде тарту етесіздер.

Мұның сыры  көйлек істелінген материалда жатыр. Көйлек қант глазурі жалатылған раушан гүлінің жапырақтарынан жасалған.

Алыстан көз жібертер болсаңыз, көйлектер тоқылған немесе бүрмеленген матадан жасалған болып көрінеді. Сәл ғана жақындар болсаңыз, олардың қарапайым раушан гүлінің жапырақтары екендігін анық байқайсыз. Көйлек жасау үшін алқызыл, қызыл, сарғыш және ақ түсті жапырақтар пайдаланылған.

Сондай-ақ қалыңдықтың әшекей бұйымдары, шаш қыстырғышы, қолына ұстап шығатын гүлі – бәрі де жеуге жарамды тағамдардан жасалған. Қалыңдығыңыз мұндай киімді киер болса, ешқандай тортқа тапсырыс бермесеңіз де болады.

Суреттер:d-jennifer.livejournal,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7166 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 қазан 2012, 19:00
Пікірлер
+0
20 қазан 2012, 21:15

Асты қадірлейтін халық едік. Біздің ортаға мұндай көйлектер жат болар

+0
20 қазан 2012, 22:34

ахахахааахах астыға түсіп Ортасын жесе тіппті керемет :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
20 қазан 2012, 23:15

Жапырақ бәрібір желінбейді ғой...

+0
21 қазан 2012, 21:03

таппайтындары жоқ :lol:

+0
22 қазан 2012, 11:59

еріккендердің ісі ғой)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...