Тұңғыш рет АҚШ-та Юрий Гагаринге ескерткіш орнатылды

Тұңғыш рет АҚШ-та Юрий Гагаринге ескерткіш орнатылды

Алғашқы ғарышкердің қоладан жасалған мүсінін орыстың мүсіншісі Алексей Леонов қалаған. Ескерткіш Техастық Хьюстон қаласында NASA штаб-пәтерінің тарихи саябағында қойылған.

Осы салтанатты рәсімге ғарыштық басқарма директоры Чарльз Болден, қалалық мэр Анис Паркер, тағы да басқа қоғамдық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдерімен қатар, Ресей сыртқы істер министрлігі қатысты.  

Ал құрметті қонақтардың ішінде әйгілі ғарышкердің қызы мен немересі Галина мен Юрий болды. «Мәдениеттер диалогы – тату әлем» халықаралық қорының президенті Руслан Байрамов пен «Русский мир» аймақтық қорының директоры Николай Михайлов ескерткіштің қойылуына қыруар қаржы бөлген.

Ал ендігі кезекте дәл осы саябақта ғарышкерлер аллеясын салу көзделген. Ағаштар отырғызылып, хронологиялық тізіммен ғарышқа ұшқандардың ескерткіштері қойылмақ.

Сонымен қатар, Лондонда да алғашқы ғарышкердің құрметіне ескерткіш қойылады. Бір қызығы, жер-әлемді ашқан Джеймс Кук ескерткішіне қарама-қарсы орынды Юрий Гагаринге дайындап та қойған екен.

Шым-шытырық оқиғалары бар NASA ұйымы болашақта, бәлкім, біздің де ғарышкерлерді осы саябаққа қойып жатса, құба-құп...

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ifamous.me

А. Құлтай