Феликс Баумгартнердің рекорды

Феликс Баумгартнердің рекорды

Red Bull Stratos атты жоба аясында австриялық парашютші Феликс Баумгартнер гелий толтырылған аэростатпен 39045 метр биіктікке көтеріліп, капсуладан босап шықты. Одан соң төмен қарай еркін құлаған Феликстің жылдамдығы 1342 км/сағ-қа жетіп, дыбыс жылдамдығын басып озды. 

Бұған қоса 43 жастағы парашютші бұл еркін секірісі арқылы екі бірдей әлем рекордын орнатты - ең биік нүктеден еркін секіру және ең биік нүктеге аэростатпен көтерілу.  

Жоғары білікті инженерлер мен конструкторлардан құралған топ сапалы капсула мен скафандр жасауға бірнеше жыл еңбектенді. Оларды жер астында да, стратосферада да бірнеше мәрте сынақтан өткізді. Стратосферадан секіруді есептегенде, жоба құны 50 миллион долларды құрады. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gazeta.ru

Б. Қосмағамбет