Зат жоғалтудан немістер алда келеді

Зат жоғалтудан немістер алда келеді

Немістер өте пысық халық... Біз бұл сөзді бала кезімізден-ақ біліп, естіп келе жатырмыз. Әйтсе де дәл осында стереотипіңізді бұзуыңызға тура келеді. Сонымен, біз Германияда жыл сайын қаншама зат жоғалған дүниелер бюросында табылатынын білуге тырыстық.

Мәселен, Гамбург қаласының бюросында 40 мыңнан астам зат жоғалады екен. Ал жоғалған 2500 әмиян, мыңға жуық қалта телефоны мен 1500 велосипед Кельн қаласының бюросына жол тартады. Мұннан тіпті мүгедек арбалар да табылатын көрінеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар онсыз қайда кетіп қалды екен деген сұрақ туады...

Кельн қаласының жоғалған заттар қоймасы жарылуға шақ қалып тұр. Мұнда не жоқ дейсіз! Қойма жұмысшыларының сөзіне қарағанда, мұндағы заттардың барлығы егер иесі келмеген жағдайда өте арзан бағаға сатылып кетеді.

Ал мұнда келушілердің көбі тауып алған азаматтар болып шықты. Ал жоғалтқандар мұнда аяқ баспайды, бұл да бір қызық...

Қойма жұмысшыларына көмегі орасан болып тұрған құрал – ғаламтор. Көптеген сайттар арқылы сатса да, тегін берсе де, заттары «өгей» қожайындарын тауып-ақ жатыр-мыс.

Көп жағдайда телефондарға иелік еткісі келетін арам ойлылар бұл жерді торып жүреді. Бірақ жұмысшылар мұндайды бірден біліп, табылған заттың шифрі мен кодын анықтап, шын иесі келмейінше, қоймадағы затқа қол сұқпайды.

Заттың соншалықты көптігінен жыл сайын заттарға аукцион ұйымдастыру ісі де өз нәтижесін беретін көрінеді. Жағдайы жоқ адамдарға таптырмас шараның қолдаушылары да, тұтынушылары да көп. Қойма бастығының сөзіне сенсек, түскен барлық ақша қала бюджетіне аударылады. Осындайда неміс жұртшылығының әділеттілікке деген жолдағы жауапкершілігі мен мәдениетіне сүйсінеді екенсің...    

Оқиға:

«Студент 16 мың еуро салынған конверт тауып алады. Барлық журналистердің «Сіз неге ақшаны өзіңіз жұмсап тастамадыңыз?» деген сұрағына ол «Менің ар-ұятым бұдан әлде-қайда биік» деп жауап берген екен. Ал су жаңа көлігінің ақшасын жоғалтып, кейін әлгі студент жігіттің адамгершілігіне сүсйінген ол жас балаға 1 мың еуроны қолына ұстатқан...»

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: dw.de

А. Құлтай