Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Хат алмасып тұрамысың, халайық?

Хат алмасып тұрамысың, халайық?

Хат алмасып тұрамысың, халайық?

Құрметті дос, қолыңа конверт алып, алыстағы бір танысыңа хат жіберген кезің есіңде ме? Ал оған марка жапсырып, пошта жәшігіне салуың, үйіңе көңілің қобалжулы, әлденеге алаңдаулы қайтуың, қорқынышты әрі қуанышты болған сәтің таныс па? Ал бүгін Бүкіләлемдік пошта күні екенін бәлкім білмейтін де шығармыз... Ендеше, осы тақырыптағы массагеттік Ардақ Құлтай мен Мейіргүл Оңғарова құрған әңгіме-дүкенге араласып отырыңыз...

Ардақ: Мейіргүл, әр нәрсенің өз уақыты мен өз орны бар дейді. "Темірді қызған кезінде соқ" дейміз де. Кезіндегі бар романтика жасырынған осы бір үшбу хаттың рөлі мен қазіргі смс, м-агент секілді чат қызметтерінің ерекшелігі деп нені айтар едің?

Мейіргүл: Иә, Ардақ, "Заманына қарай адамы" деген бар ғой. Әке-шешеміз пах, шіркін кезінде... деп әңгіменің майын тамызып отырып, поштаға қатысы бар естеліктердің де бір ұшын қылт еткізіп қалып жатады. Меніңше, ұзақ күн жүріп келетін үшбу хат пен секундта жететін интернет-хаттарының сыртқы формасының өзгергеніне қарап, интернет хаттарын жеңіл қабылдауға болмайды. Виртуалды таныстық секілді. Виртуалды таныстық та театрда танысу, саябақта танысу секілді танысудың бір түрі деп санаймын. Техниканың жетілгеніне байланысты, хат алмасу қолжетімді болса да, хаттың беретін әсері өз күшінде қалды.

Ардақ: Дәл айтасың. Сезімнің селт еткен тұсында қаншама парақ, қаншама сия «зая» кетті десеңші. Сөйтіп, сөзіміздің құны сөнбес шырақтай болған күндер біздің бала кезімізде-ақ бітіп болған сыңайлы ғой. Мына бір ракурстан қарап көрсек ше... Кезінде «хат» деген идиома бүкіл бір жұрттың жоралғысын көрсетіп, елдің ащы үнін шығару құралы болғанға ұқсайды. Мәселен, кезіндегі Абай мен Михаэлистің хаты, Шоқан мен Достоевскийдің хаты, «Бесеудің хаты», «Екеудің әңгімесі», Шерхан Мұртазаның Камал Смайловпен хаты секілді хат жанрындағы дүниелердің құнын қазіргі «жеңілтек» дүниелерді салыстыра аламыз ба? Әлде тіпті де салыстырудың қажеті шамалы ма? Меніңше, бүгінгінің хат алмасу қызметі бұрынғының атқарылар маңызды істеріне жүрмейтін секілді...

Мейіргүл: Жазу пайда болған кезеңді ешкім анықтап айта алмас, дегенмен, ғалымдар петроглифтер мен иероглифтерге, логограммаларға қарай отырып, өздерінше болжам жасайды. Интернет-хаты да сол сияқты. Интернет-хаттарын жазу үрдісінің даму кезеңіндегі хаттар деуге болатын шығар. Жалпы жаңа медия мен дәстүрлі медия  салыстыруға келмейтін дүниелер деп есептеймін. Ал сіз тізіп отырған хаттар тарихи кезеңдерде жазылған елдік мәселелерге байланысты хаттар. Білесіз бе, бұндай хаттар қазір де жазылып жатыр. Және салмағы ауырлары кейінгі ұрпаққа жететініне күмәнім жоқ.

Ардақ: Тамаша, осы ойды айтуға қорқақтап отырған да едім... Ендеше, шешілді. Енді хат тарихындағы қызықты жәйттарға кезек берсек, сен білесің бе, бүгіннің өзінде хат хазысып тұратын адамдар саны бұрынғыдан да көп екенін. Иә, адам мен транспорт көбейген сайын ол да табиғи түрде көбеймек, ал сол көп адамдар неге ғаламторды пайдаланбайды екен? Мәселен әлем бойынша бір күннің өзінде 3 000 000 адресат өз пошта жәшігінен өзіне жазылған хатты мейірлене алады екен. Тағы да айтсам, қазіргі ең үлкен мұражайлардың бірі – Луврда сақталып тұрған хат кезінде Сирия жерінде жасалған археологиялық қазбалар нәтижесінде табылыпты. Ең көне деп саналған осынау хатты жіберген адам әсілі хатты балшыққа орап, оны өртеген. Ал хатты қабылдап алушы өз кезегінде қатайған тасты шағу арқылы ғана ішіндегі жазбаны оқи алады екен. Қызығы қызық...

Мейіргүл: Бір күнде 3 000 000 хат жазылады деймісіз? Бұл әлдеқайда аз секілді. Әлде қалай? Хат төңірегінде қызық көп қой. Орта ғасырларда Англияда кең таралған хатты бөтелке ішіне салып жіберетін кезеңдер де артта қалды... Нағыз романтика. Дегенмен интернет-хаттар айналасы да романтикадан жұрдай деуге келмес. Бұл әр оқырманның жеке құпиясы ғой :) Ал мені хаттың ендігі эволюциясы қандай болатыны қызықтырады.

Ардақ: Ал жеке құпия туралы сөзді біз өзара офлайнда жалғастырсақ :) Негізінде, нағыз романтикалық оқиғаларды біздің оқырман айтсын, айта түссін. Себебі көзі қарақты қазақ жастары бұдан да кенде емес. Қаншама жас осы әлеуметтік желі арқылы танысып, үй болып, күйленіп жатыр. Мұны мойындамасақ болмас. «Хаттың 100 жылдан кейінгі формасы қандай болмақ?» деген сұрақты біз оқырманға қоялық. «Қанша кәллә болса сонша ой болады» деуші ме едік...   

 Сурет: habar.org, shkolazhizni.ru

3411 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 08 қазан 2012, 13:45
Пікірлер
+0
08 қазан 2012, 14:11

Пошта арқылы мүлдем хат жазбаппын (((

+0
08 қазан 2012, 14:12

ағам телеграмма жіберетін, сол хаттар келгенде қатты қуанатынмын бала кезде!

+0
08 қазан 2012, 14:31

Конвертке салынып пошта арқылы келетін хаттарды ерекше күтесің. Оны тездетіп ашып, оқудың өзі бір ғанибет қой. Осыдан 4-5 жыл бұрын Алматы облысындағы бір қызбен хат алмасып тұратынмын. Тіпті бір-бірімізге фотосурет те салып тұрдық. Кейін соңғы жіберген хатым мекен-жайы дұрыс емес деп қайтып келді. Содан бері хабарсызбын.

+0
09 қазан 2012, 11:17

қызбен? сен сондайсың ба? :shock:

+0
09 қазан 2012, 12:09

иәә, сондай деп ойлап қалма ;)

+0
08 қазан 2012, 14:43

Зейнетақы жинақтау қорынан басқа адамдардан пошта арқылы хат алып көрмеппін :roll:

+0
08 қазан 2012, 14:51

хехе рас, зейнетақы қоры аман болсын) бірақ менікі электронды поштаға келеді((

+0
08 қазан 2012, 15:10

Мектепте оқып жүргенде пошта арқылы хат жазысып тұратын көп достарым болған. Кейін хат жазу үрдісі электронды поштаға көшті. Универде оқып жүргенде де группаластарымыз бір-бірімізге хат жазатынбыз. Кейде айта алмай жүрген дүниесін хат арқылы жеткізу адамға оңай болады. Қазір де хат жазысып тұратын достарым бар. Электронкама олардан хат келгенде, конвертпен келген хаттан кем қуанбаймын.

+1
08 қазан 2012, 18:07

Ағам әскерде кезде жазушы ем: "Көкшетаудың көгіндегі ағама Жаскешудің жазығындағы қарындасынан" деп қойып :)Ой,сол хаттың жауабы келгенше асығатынмын... Қазір де хат жазатын заман келсе, қуана қарсы алар ем мен.

+0
09 қазан 2012, 09:15

Хат жазуды қатты жақсы көремін! Рас айтасыздар, қазір хаттар тым аз жазылады, папам бұрын Ауған соғысында екі жыл жүргенде үйдегілердің бәрі жазады екен де, папамнан келетін хатты күтіп жүретін болған екен, қазір айтып бізді қызықтырып отырады... Қызық қой, біреуге хат жолдап, жауап күту деген)))

+0
09 қазан 2012, 11:18

сол қызықтан неге айырылып қалдық екен?

+0
09 қазан 2012, 11:37

Шетелде бір киноларында болушы едіго,ағайын-туысқандары болмаса,кез келген,ойына 1ші келгн адреске хат жазатын. Кейде сондайларға қызығамын. Хат жазған қызыққой

+0
09 қазан 2012, 17:38

Бұрынырақтарда республикалық, әлемдік жарыстарға барған шахматшы, дойбышылар өздерінің мекен жайланымен алмасып, кеелесі жылы болатын жарыстарға дейін бір-бірімен хат жазу арқылы ойындар ойнаған екен, менде солай ойнағым келеді. Қазыр интернетте ойнауға да болады, бірақ хат арқылы тіпті қызықты сияқты асықпай ойланып ойнағанға ыңғайлы. Содан кейін айтыскер ақындарда хат арқылы айтысқан.
Мен бүгін бір хат алдым, ол хат қазіргі қиналып жүрген уақытымда маған үлкен көмек берді. Сол хатты жазған адамға рахметім шексіз. Бір-бірімізді қуантып, қазпочта адамдарын біраз әуреге салып хат жазып тұрыңдар массагеттіктер. Хат алған адам өзінің бір адамға керек екенін сезінеді, сондай сезімдер сыйлай берейік

+0
09 қазан 2012, 17:53

Массагеттің тұрғындары бір-бірімен хат жазысып тұрса қалай болар екен,а?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...