Жел туралы қызықты мәліметтер

Жел туралы қызықты мәліметтер
Фото: baovemamsong.com

Әлемде талай қызық бар. Табиғат ананың қарапайым да тосын құбылысы жел туралы не білесіз? Халқымыз желді ауқымы мен маусымына қарай бірнеше түрге бөліп қарастырады. Мәселен, қара жел деп күзде соғатын желді, өкпек жел деп жазғытұрымда солтүстік-шығыстан соғатын жайсыз желді айтады. Біз бүгін сіздерге жел туралы ең қызықты мәліметтер легін ұсынып көрмекпіз.

Жел де су сияқты кез келген толмай тұрған ортаға барып жиналады. Сол секілді жел де ауа қысымы жоғары жерден ауа қысымы төмен жерге қарай соғады. Демек, температурасы жоғары жер мен төмен жердің ортасында жел пайда болады. Осы жерде неліктен бір бағытта соқпайды деген сауал туындайды. Жер үнемі айналып тұрғаны себепті жел де өздігінен осы тартылысқа бағынады.

Әлемде желге де арнайы арналған күн бар екен. 15 маусым – жел күні. Бұны ойластырған жел энергиясы кеңесі мен Еуропалық жел энергиясы ассоциациясы. Олар мұны көпшіліктің жел энергиясы күшіне назарын аудару үшін жасаған. Аталған мереке 2007 жылдан бері Еуропада тойланып келеді. Халықаралық деңгейде тойланғанына 2 жыл толды.

Біздің күні жүйемізде желдің ең қатты соғуы Нептун ғаламшарында. Ондағы желдің соғу жылдамдығы –2200 км/сағ.

Жел кейде көлденең болады. Қозғалыс траекториясын ауыстырған кезде мұндай жел өте төмен көрсеткішке өзінің жылдамдығын жоғалтады.

АҚШ метереологтарының айтуынша соңғы жиырма жылда желдің ең қатты соғуы 70 м/с болған. Ал әлемдік рекорд 1934 жылы тіркелген. Ол кезде желдің соғу жылдамдығы 103 м/с-қа тең болған екен. 1996 жылы Барроу аралында "Оливия" циклоны соққан кезде бұл рекордтардың бәрін бұзып кеткен. Оның жылдамдығы –113 м/с немесе 408 км/сағ.

Торнадо – әлемдегі ең жылдам соғатын жел. Оны қуып жету үшін көлікпен 100 км/сағ жылдамдықпен жүріп отыру керек.

Өткен ғасырда, дәлірек айтсақ, 1931 жылы Миссисипиде орын алған торнадо салмағы 83 тоннаны құрайтын 40 метрлік пойызды көтеріп кеткен.

Орталық Америкада ақпан және наурыз айларында Айрон Винд атты суық әрі қатты жел соғады.

Ж. Жұмағұлов