«Архимед ғажайыбы»: аңыз әлде ақиқат

«Архимед ғажайыбы»: аңыз әлде ақиқат
Фото: i-fakt.ru

Біздің эрамызға дейінгі 212 жылы римнің жасақтары кемелерімен Сиракузам аралына жақындайды. Дәл сол күні күн ашық әрі жылы болған. Қалың қолмен келген рим әскері сол күні жеңіске жететініне сенімді болды. Аз ғана халқы бар Сиракуз оларға қарсы тұра алмайтын еді.

Кенеттен Сиракузам қамалынан рим әскеріне қарай жан-жақтан жарық сәулесі түсе бастады. Кемелерге түскен жарық әр кемені сіріңке секілді тұтатып, жағып жатты. Кеме отқа оранды. Кеме мен қамал арасын жүз елу метр болса да бұл рим әскеріне көмектесе алмады.

Ал бұл жағдайдың орын алуына осы қаланың ежелгі тұрғыны, математик – Архимед себепкер болған. Сол күннің болатынан алдын-ала дайындық жасаған Архимед қала тұрғындарына 450 дана құрамы қоладан тұратын айна жасатуға тапсырма берген. Уақыт өте келе бұл жағдайды жай ғана аңыз деп қабылдап келеді. «Айна арқылы кемені қалай құртып жіберген?» деген сұрақ ғалымдардың басын қатырып келген. Бұл сұрақтың жауабын 18 ғасырда француз Жорж Луи Бюффон ашып берген.  1747 жылы француз ғалымдары 128 айна арқылы тәжірибе жасап көрген. Тәжірибе сәтті шыққан. Олар «Архимед ғажайыбына» сенімді болу үшін мұнымен тоқтап қалмаған. Тәжірибе жасау арқылы және аңызға айналып кеткен айнаның күшін қайта-қайта оқып, көз жеткізуге тырысып келген.

Тек 1973 жылы Греция елінің физигі Иоанис Саккос нақты тәржірибе жасап көрген. Ол дәл аңыздағы секілді 450 дана қоладан құйылған айна арқылы кемені өртеген. Аңызға айналған «Архимед ғажайыбы» ақиқаттың есігін ашты.

М. Ақан