Бір секундта не өзгереді?

Бір секундта не өзгереді?
Фото: stackstreet.com

Осының алдында ғана біз 1 минут ішінде әлемде қандай өзгерістер орын алатынын айтқан едік. Енді 1 секундта не болатынына көз жүгіртіп көрейік. Сенбеуіңіз мүмкін, алайда бұл шындық. Себебі, секунд уақыт та адам өмірінде үлкен рөл атқарады.

Сонымен, 1 секунд уақытта әлемде:

1) Адам миында 100 мыңға жуық химиялық реакция болады. Дәл осындай уақытта 4,3 нәрсете туылып, 1,8 нәресте көз жұмады. Google іздеу жүйесіне 49 483 сұрау келіп түседі. Сондай-ақ 409 791 электронды хат жіберіледі.

2) Facebook әлеуметтік желісінде 54 806 лайк басылады және 9 515 жазба жазылады. "Кит Кат" шоколадын жақсы көретін жандар 419 талын жейді. Зауыт конвейерінен 60 ерін далабы шығады. 18 268 252 адам бір уақытта өз жұмыс орындарында интернетте бос уақытын өткізеді.

3) Жерге 100 рет найзағай  түседі, Ниагар сарқырамасынан 3 160 тонна су құлайды. Сонымен бірге Билл Гейтс ең азы 100 доллар табыс табады. Әр секунд сайын адамдар 200 000 хат жібереді.

4) 1 секунда 4000 (арнаулы құты) банка консервісі ашылады және 14 стақан шай ішіледі. Бір жылда 700 миллиардқа жуық стақан шай ішіледі екен.

5) Әр 5 секунд сайын әлемде өрт қаупі шығады және бір адам зағип болады.

Өмірдегі әр секунд бағалы. Уақытымызды құр жібермейік! 

Ж. Жұмағұлов