Әлемдегі ең ерекше көшелер

Әлемдегі ең ерекше көшелер
Фото: i-fakt.ru

Әлем қызыққа толы. Соның ішінде адамдар ғана емес, қалалардың, көшелердің де өз ерекшеліктері бар. Оны жасаушы адам болғанымен, олардың атақтары тез таралып жатады. Мәселен, әлемдегі ең ұзын көше немесе ең қысқа деген секілді түрлі қызық бар. Ал бүгінгі ұсынып отырған ақпаратымыз – әлемдегі ең ерекше көшелер. 

Болдуин-стрит Жаңа Зеландияның Данедин қаласында орналасқан көше. Көшенің ерекшелігі 35 градусқа иіліп салынған. Ал көшенің бұлай салынуына басты себеп, оның сызбасы ағылшын жерінде салынып осы елге жіберілген. Басты жобалаушы Жаңа Зеландияда мүлде болып көрмеген. Көшені салуға тек географиялық картаны пайдаланған. Меншікті жердің орналасу жүйесіне мүлде назар аударылмаған.

Петр Сазонов көшесі Воронеж қаласында орналасқан. Бір адамның тегі мен есіміне беріліп қалған деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл олай емес. Себебі көшенің қызық жері де осында, екі бірдей адамның аттары қосылып берілген. Біреуінің есімі, біреуінің тегі. Петр Алексеев пен Егор Сазонов. 

Әлемдегі ең қысқа көше Шотландияда  орналасқан. Уик деп аталатын көшенің ұзындығы – 2 метр 6 см. Ол көшенің бойында «Маккейз» қонақүйі орналасқан. Ғимарат 1883 жылы геометриядағы трапеция пішіні негізінде салынған. 2006 жылы бұл көше Гиннесс рекордтар кітабына «әлемдегі ең қысқа көше» болып тіркелген.

Ал әлемдегі ең ұзын көше Канада елінде орналасқан. Көшенің атауы – Торонто. Қаланың орталығынан бастап жағалауға дейін созылып жатыр. Отарио жағалауынан әрі солтүстікке Симко өзеніне барып жалғасып, Кокрейн қалашығы арқылы өтіп, АҚШ-тың шекарасына дейін барады. Ал көшенің ұзындығы – 1896 км.

Ал әлемдегі ең тар көше немістің Ройтлинген қалашығында орналасқан. Көшенің ені 31-43 см. Жергілікті тұрғындар бұл жерде үйлерді жалғап тұрған көшелер деп қана атағанымен, саяхатшылар оған көше ретінде қарап, қызығушылық танытып келеді.

Осы секілді әлемде ғана емес елімізде де ең ұзын көшенің бар екенін айта кету керек. Ол тек елімізде ғана емес, ТМД елдері арасындағы ең ұзын көше болып тіркелген. Біле жүріңіз, Д.Қонаев атындағы көше Текелі қаласында орналасқан. Ұзындығы - 35 км. 

М. Ақан