Әлемдік шоу-бизнес жұлдыздары тұратын үйлер

Әлемдік шоу-бизнес жұлдыздары тұратын үйлер
Фото: adme.ru

Әркім өз үйінің сәнді һәм жанға жайлы болғанын қалайды. Әрине, бұл жерде мәселенің барлығы қаражатқа келіп тірелетіні ақиқат. Мәселен, шоу-бизнес өкілдерінің үйлері кең, хан сарайындай болуы заңды да. Әр адам өз шама-шарқынша, қазақша айтсақ, көрпесіне қарай көсіледі. Әлемдік шоу-бизнес жұлдыздары тұратын үйлер қандай екенін көз алдыңызға елестетіп көрдіңіз бе? Біз сол жұлдыздардың тұрғын үйлерін баяндап көрелік.

Беверли-Хиллздағы Рианнаның үйі

Рианнаның үйі Беверли-Хиллз төбесінде орналасқан. Алыстан қараған кезде шөл даладағы жазиралы алқапқа ұқсайды. Көк түсті бассейн мен арқалығы көлбеу орындықтарға қарап шипажай деп те ойлап қаласыз.

Рианнаның Барбадоста да үйі бар

Леди Гаганың Майамидегі үйі

Леди Гага мұхит жағалауында тұрады. Үйдің ішіне қарасақ, шағын кинотеатрға, ойын сауық орталықтарына ұқсайды. 

Николас Кейдждің Лос-Анджелестегі үйі

Николас Кейдж комикстарды ғана емес, сәулет өнерін де жақсы көреді. Ол ескі тұрғын үйлерден коллекция жинайды екен. Әзірге оның иелегінде 3 үй бар. Актердің үйі сыртқы көрініске қарағанда ескі, тым жұпыны секілді көрінгенімен, оның иелігіндегі үйлердің ішкі көрінісі сізді таңғалдырмай қоймайды. 

 

Мэл Гибсонның Гринвичтегі (Калфорния штаты) үйі

Мэл Гибсонның үйі көз алдыңызға орта ғасырдағы үйлерді елестетеді. Актер әрі режиссер тарихты сүйеді. Оның тарихи рөлдерді ойнауына қарап үйінің осындай болатыны белгілі жайт.

Джей-Зи мен Бейонсенің Жаңа Орлеандағы үйі

Әлемдік әйгілі жұптың үйлері кәдімгі қатардағы үйлерге ұқсайды. Бірақ бір қарғанда жанға жайлы секілді әсер қалдырады. 

Ж. Жұмағұлов