Табысты адамдар ұйқыдан тұрған соң не оқиды?

Табысты адамдар ұйқыдан тұрған соң не оқиды?
Фото: hochu.ua

Табысты адамдар көпшіліктің өздері жайлы оқитындарын біледі. Мысалы Миллиардер әрі инвестор Уоррен Баффет өзінің бір күнінің 80 пайызын оқуға арнайды. Сонымен, таңертең, ұйықыдан тұрған соң табысты адамдар не оқиды? Бұл жерден сіз әр түрлі бағыттағы көшбасшылардың не оқитынын білетін боласыз. 

Уоррен Баффет өзінің күнін әр түрлі мемлекеттік әрі жергілікті жаңалықтарды оқумен бастайды. Миллиардер таңертең the Wall Street Journal, the Financial time, the New York Times, USA Today, the Omaha World – Herald және the American Banker секілді басылымдарды оқиды. Өзіңіз ойлап көріңіз, бұл бір күнге өте көп екені белгілі. 

Марк Цукербергтің әр күнін Фейсбукпен бастайтыны таңғаларлық қалып емес. Фейсбуктың негізін қалаушы ұйқыдан тұрып, беті-қолын жуып, линзасын киместен бұрын телефонын қарап тексеріп шығады. Цукерберг әр күнін фэйсбуктағы жаңалықтарды қарап бастайтынын айтып былай деді: «Маған әлемде не болып жатқанын білу ұнайды». Артынан ол мессенджер мен уатсаптағы хаттарын тексеріп шығатыны жайында да айтып өтті. 

Барак Обама мемлекеттік газеттермен бірге бірнеше журналдарды оқиды. АҚШ-тың бұрынғы президенті әр күнін the New York Times, the Wall Street Journal және Washington Post басылымдарын оқумен бастайды. Сонымен қоса the New Yorker және the Atlantic журналдарын сүйіп оқиды. 

Билл Гейттс бір күнде мемлекеттік газеттер мен жаңалықтарды оқиды. Майкрасофттың негізін қалаушы әр түрлі тақырыптағы жаңалықтар легін қарап, өзі директорлар кеңесінде қызмет ететін Berkshire компаниясының кездесуіне осылай дайындалып барады. Сонымен қатар Гейтс the Wall Street Journal, the New York Times және the Economist деген газет-журналдарды оқиды. 

Ричард Брэнсон оқуға зейінін ашу үшін таңғы 5-те ұйқыдан тұрады. «Мен тыныштықта, әлі әлем «жүйеге қосылмай тұрғанда» соңғы жаңалықтарды оқып әрі хаттарға жауап жазу ең қолайлы уақыт деп есептеймін - дейді өзінің Virgin.com сайтына берген сұхбатында Virgin Group қалаушысы – бұл ерте сағаттар күнімді жаңа беттен бастауға мүмкіндік береді». 

Түйін: өзіңнің жеке табысың үшін әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтардан хабар болып отыру керектігін ұмытпағаның абзал.

Ж. Жұмағұлов