Бұл өмірде жасалуы керек 60 іс

Бұл өмірде жасалуы керек 60 іс
Фото: vk.com

Бәріміз де өмірге бір келген соң қызықты әрі жақсы өмір сүргіміз келеді. Бәріміз де... Әрбір күніміз есте қаларлықтай болғанын қалаймыз. Әр күніміз... Бізді қоршап тұрған өмір қызығы да сан алуан әрі жеткілікті. Ондағы қай қызықты тауысып бітіре алармыз. Біздің әр сәтіміз таңдаудан тұра ма?! Таңдау демекші, қай елге бірінші баруға болады, қай тамақты бірінші жеп көру керек? Дүкен толы зат!.. Айтпақшы, бір дүкен иесі өзі өмірде үлгеру керек, жасау керек қажеттіліктердің бәрін бір тізімге тізіп шығыпты. 

1. Балиданнан (Индонезия) күннің батуын тамашалау; 

2. Парижде болып қайту; 

3. Дельфиндермен бірге шомылу; 

4. Аквалангпен сүңгіп кету; 

5. Ағылшын тілін үйрену; 

6. Ағаштарға өрмелеу; 

7. Теңіз жағалауында сүйгеніңмен демалу; 

8. Сабын көпіршіктерін жіберу; 

9. Өз өміріңнің тарихын жазып шығу; 

10. Бөтелкеге хат салып, теңізге жіберу; 

11. Ағаш отырғызу; 

12. Пингвиндерді көру; 

13. Сальса биін үйреніп алу; 

14. Өз бизнесіңді жасау; 

15. Ессіз ғашық болу; 

16. Сарқыраманың астында тұру; 

17. Теңіз жағасында жатып, толқындардың шуылын тыңдау; 

18. Айдың тұтылуын тамашалау; 

19. Парашютпен секіру; 

20. Жұлдызды аспанның астында жату; 

21. Сноуборд тебу; 

22. Бір күнді кітаппен өткізу; 

23. Жартастан теңізге секіру; 

24. Эйфель мұнарасының басына шығу; 

25. Сүйікті адамға тосыңнан сый жасау; 

26. Аты-жөнді көрсетпей қайырымдылық жасау; 

27. Демалыс күндерді арнайы ойын-сауық орталықтарында өткізу; 

28. Марафонға жүгіру; 

29. Телефонды бірнеше күнге өшіріп тастау; 

30. Қолға тірі көбелекті ұстап тұру; 

31.  Үйсіз-күйсіз жүргенге тамақ сатып алып беру; 

32. Флэшмобтың ортасында болу; 

33. Отқа піскен картопты жеу; 

34. Сүйіктіңмен бір күн бойы әңгіме құру; 

35. Бір күн бойына бейтаныс қалаға кетіп қалып, сонда жалғыздықты бастан кешу; 

36.  Өз киноңды түсіру; 

37.  Үй салу; 

38. Жұлдыздан қолтаңба алу; 

39. Үлкен стадионда өтетін футбол ойынына бару; 

40. Аңшылыққа шығу; 

41. 100 шақырымнан аса велосипедпен жүріп өту; 

42. Піл немесе түйенің үстіне отыру; 

43. Өз қолыңмен бір нәрсе жасау және соны сату; 

44. Үлкен таудың бөктеріне өрмелеп шығу; 

45. Жер бетінің барлық түкпірінде болу; 

46. Серфингпен айналысу; 

47. Бір күнді орман ішінде өткізу және тек сол жерден тамақ тауып, азықтану; 

48. Жақсылап суретке түсіруді үйрену; 

49. Еуропаның барлық қаласын аралау; 

50. Байқауда жеңіске жету; 

51. Голливудтық әртіспен танысу; 

52. Кітап жазу; 

53. Дельтапланда ұшу.

54. Алып тасбақаның үстіне мініп жүру; 

55. Кабриолет көлігін жүргізу; 

56. Ибицада (Испания) сауық құру; 

57. Әлемнің жеті кереметін жақыннан көру; 

58. Қымбат киім сатып алу; 

59. Бір күн бойы тек қана балалармен тілдесу

60. Қол жеткізген жетістіктерді қағазға тізу; 

Сен бұл тізіммен келісесің бе? (Қайсысын орындадың?) Әлде сенің өз тізімің бар ма? (Өз тізіміңді пікірде қалдыр)

Ж. Жұмағұлов