Әлемдегі ең терең бассейн Италияда

Әлемдегі ең терең бассейн Италияда
Фото: art-on.ru

Әлемде талай қызық бар. Естімеген елде көп. Әлемде ең терең бассейн барынан хабардарсыз ба? Бұл мүмкін емес дерсіз. Алайда, ондай бассейн де бар екен. Y-40 The Deep Joy деп аталатын әлемдегі ең терең бассейннің тереңдігі 40 метрді құрайды. Бұл 12 қабаттық тұрғын үйдің биіктігімен бірдей. Бассейннің жалпы ұзындығы – 21 метр, ал ені – 18 метр. 

Таңғажайып бассейн Италияның  Монтегротто-Терме қалашығында, "Hotel Terme Millepini" қонақүйінің аумағында орналасқан. 

"Y-40 The Deep Joy" бассейні жыл он екі ай ашық (судың қалыпты температурасы 33ºС-қа тең). Әуесқойлар мен суда жүзушілерге, кәсіби дайверлерге арналған бассейнде жүзу кім-кімнің де арманы шығар...

Ж. Жұмағұлов