Сабаққа баратын ақсақал

Сабаққа баратын ақсақал
Фото: fotorelax.ru

Непальдық ақсақал Дурга Ками ұзындау боп өскен сақалына қарамай мектеп формасын киіп, таяғына сүйеніп сабаққа кетіп барады. Бала кезінде оқуды аяқтауға мүмкіндігі болмаған ол олқылықтың орнын толтыру ешқашан кеш емес деп санайды. 

Кішкентай күнінде ұстаз болуды армандаған ақсақалдың арманы кедейліктің кесірінен жүзеге аспады. Қазіргі таңда непальдық ақсақалдың жасы – 68-де. Ол бүгінде 6 баланың әкесі, 8 немеренің атасы. Соған қарамастан аптасына 6 күн қатарынан қалдырмай сабаққа барады. Үйде отыру көңілсіз көрінген қария өмірінің шағын көрінісін көріңіздер! 

Бұл Дурга Ками ақсақалдың үйі.

Ақсақал Непаль астанасы Катмандудан 250 шақырым жердегі Сьянгджада тұрады. Үйдің сыртқы көрінісі тым жұпынылау...

Ал, үйдің ішкі көрінісі тіптен көңілсіз тартады...

Ақсақалдың ұзын сақалын тарау сәті.

Тісін тазалау үстінде.

Мектеп формасын алды.

Галстугын түзеді.

Сабаққа баруға дайын.

Сүйенетін таяғын алып, мектепке қарай аяңдады. Аптасына 6 күн жүру керек...

Жол бойынан сыныптастарын жолықтырды.

Сыныптас балалар...

68 жаста оқу оңайға түспеді. Алайда, сыныптастары көмектеседі.

Бұл жерде үйдегіге қарағанда көңілдірек. Айтқандай, ақсақал 10 сыныпта оқиды. Жасының соншалықты егде тартқанына қарамастан ол балалармен бірге волейбол ойнағанды жақсы көреді.

Ұстаз бен оқушы....

Қария мен мектептегі әр сынып оқушылары есік алдында.

 Сыныптағы 20 оқушы Дургу Ками ақсақалды "әкей" деп атайды.

 Мұғалім сабақ сұрау үстінде.

Бастаған істі соңына дейін жеткізу ешқашан кеш емес...

Жасына қарамай, немересіндей балалармен бірге сабақ оқуға арланбаған 68 жастағы ақсақалдың бұл ісі ерлікпен тең. Не десек те, үйренгісі келген адамға ешқашан кеш емес. Бұндайды бұрынғылар "Ештен кеш жақсы" деп айтып кетпеп пе еді?!

Ж. Жұмағұлов