Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Стамбул қаласындағы шоппинг

Стамбул қаласындағы шоппинг

Стамбул қаласындағы шоппинг

Стамбул қаласында сауда жасау өте тиімді. Бұл қалада тоқыма өнеркәсібі қарқынды дамыған. Танымал әлем брендтерінің киім тігетін зауыттары Стамбулда орналасқандықтан, тауарлар үстеме бағасыз сатылады. Стамбулдың әр ауданында базар мен дүкендер бар. Әр ауданның сауда-саттық орындары әр түрлі тауар сатады. Сондықтан да кей кезде қаланың бір емес, бірнеше ауданын аралап, сауда жасауға тура келеді.

Лалели ауданында тауарды арзан бағамен береді. Бұл ауданның базарында жергілікті зауыттардың шығарған өнімдері сатылады. Дүкен сатушылары орыс тілін жақсы меңгергендіктен, сізге олармен саудаласу аса қиындық тудырмайды.


Нишанташы ауданында Стамбулдың ең таңдаулы дүкендері мен мейрамханалары орналасқан. Бұл ауданда танымал брендтер мен дизайнерлердің дүкендерін аралауға болады. Нишанташыдағы сауда орталықтарынан тауар алу үшін Түркияның кино, телевидение және эстрада жұлдыздары келеді екен.

Истиклал, Джумхуриет, Румели даңғылдарының бойында орналасқан дүкендерден зергерлік бұйымдар, аяқ киім, сөмке, тоқыма өнімдерін таба аласыз.

Танымал брендтердің жаңа топтамасын Этилер ауданында орналасқан Акмеркез және қаланың азиялық бөлігіндегі Капитоль сауда орталықтарынан, Бахарие және Бағдат көшелерінің бойындағы дүкендер мен Атакей ауданындағы Атакей Галереясынан сатып алуға болады.

Үлкен Базардан зергерлік бұйымнан бастап, теріден жасалған дүниелерге дейін кез келген тауарды сатып ала аласыз. Бұл жақтан танымал бренд өнімдерінің түпнұсқасынан гөрі жасанды өнімін табу әлдеқайда жеңіл.


Дәмдеуіш базарында (кейде «Мысыр базары» деп те атайды) шығыс тәттілерінің түр-түрін таба аласыз. Сондай-ақ, бұл базарда алтын мен мақта-мата сатылады. Егер де сіз туған-туыстарыңыз бен достарыңызға базарлық іздесеңіз, осы базардағы ұсақ-түйек сататын сөрелерді көруіңізге болады.


Антиквариат

Сирек кездесетін тауарларды таңдаған кезде аса ұқыпты әрі мұқият болыңыз. Түркияның заңы бойынша бір ғасырлық тарихы бар бұйымдарды мемлекеттен алып шығуға болмайды. Заң бұзған азамат жауапқа тартылады. Алайда, кілем сататын үлкен дүкендерде тауар туралы арнайы құжат-сертификаттар болады. Егер сатып алатын тауарыңыз сирек кездесетін бұйымдардың қатарынан болмаса, саудаңызды әрі қарай жалғастыра бересіз. Сондай-ақ, антиквариат болып есептелетін тауарлардың құны әлдеқайда қымбат, әрі олар тек арнайы дүкендерде ғана сатылады.

Көше саудагерлерінен еш уақытта ескі тиын-тебен, мүсіншелер, алтын, күміс өнімдерін сатып алмаңыз. Бұл дүниелердің барлығы қазба жұмыстары жүргізілген кезде көне қалалардан табылған бұйымдар болуы мүмкін.

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдарды Мысыр және Гранд базарларынан ғана емес, қаланың басқа аудандарындағы базарлар мен дүкендерден сатып алуыңызға болады. Күміс және алтын өнімдерін сатып алмас бұрын, өндірушінің арнайы мөрінің болуына назар аударыңыз. Егер тауарға арнайы мөр қойылмаса, ол өнімнің жасанды екенін аңғаруға болады.


Ыдыс-аяқ

Түркияның керамикалық бұйымдары кеңінен танымал. Әсіресе, фаянстан жасалған бұйымдар үлкен сұранысқа ие. Керамикалық бұйымдарды арнайы дүкендер мен базарлардан, сондай-ақ, ірі сауда орындарынан таба аласыз. Тауардың бағасы оның сапасына байланысты. Ыдыс-аяқ сатып алмас бұрын, оның құжатына бір қарап шығыңыз. Себебі, керамикалық бұйымдар да бір ғасырлық тарихы бар антиквариат болуы мүмкін.


Міндетті түрде, саудаласыңыз!

Базардағы тауарлардың бағасы дүкендер мен сауда орталықтарынан қарағанда, айтарлықтай арзан. Сонда да болса, базар аралап, тауар сатып алған кезде, міндетті түрде саудаласыңыз. Саудагер сіздің бағаңызға келіспей бара жатса, «O, my God! Very expensive!», «Cok pahali» сияқты сөздер айтып, бұрылып кете беріңіз. Сол сәтте саудагер сізді тоқтатып, тауарды өткізу амалдарын қарастыра бастайды.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

4264 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 қаңтар 2012, 11:15
Пікірлер
+0
26 қаңтар 2012, 12:52

Рахмет, тарихы көне қалаға жол түсіп жатса қолданармыз :)

+0
31 қаңтар 2012, 13:49

Stambul - keremet kala! ortasyna balyk salyngan nanyn sagyndym!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...