Әлемдегі ең қызық коллекциялар

Әлемдегі ең қызық коллекциялар
Фото: Fishki.net

Әлемде жан рахаты үшін, өзінің қызығы үшін белгілі бір нәрселердің коллекциясын жинайтын адамдар бар. Коллекция жинау мамандық та емес. Тек көңілдің қанағат табуы. Мәселен біреулер қаламсап жинағанды, біреулер кітап жинағанды жақсы көреді. Ол қаламдар әлемнің әр түкпірінен де келген болуы мүмкін. Бастысы ерекшелік болуы керек және арнайы мақсаты бар, өзіндік шарттарға сай болуы тиіс.

Әлемде талай қызық бар. Соның бірі коллекция жинаушылардың сөрелеріндегі ең қызық коллекциялар. 
Бельгияның Аккур қаласында тұратын Селин Корнет есімді азаматшаның коллекциясы өңкей панда бейнесіндегі ойыншықтармен толыққан. Бүгінгі таңда оның сөресінде 2200 панда ойыншықтары бар. Селин бұл коллекциясын 1978 жылдан бастап күйеуі Андремен бірге жинаған. Ал осы бастамаға күйеуінің Италиядан алып келген ойыншығы себепкер болған. Селин болашақта жинаған барлық коллекциясын науқас балаларға таратып беретінін айтқан. 

Хейлсовендегі Лапал ауданында тұратын тоғыз жасар Гарри Берроуз есімді жас жеткіншектің топтамасы тіпті қызық. Оның коллекциясын қырық түрлі шаңсорғыш толтырып тұр. Сәби күнінен шаңсорғышқа қызығатын баланың арманы әлемнің ең керемет шаңсорғыштарын жинау. Әке-шешесінің айтуынша, бала күнінде Гарри ұйықтау үшін шаңсорғышты қосып қоятын болған. 

АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын Дик Фаленскидің үйінен 36 мыңға жуық гольф добын таба аласыз. Жас кезінен гольф ойнап өскен және осы ойынның жанкүйері болған Дик бұл коллекциялары туралы елге сүйсініп айтады. Ал бұл топтаманы толтыру үшін ол 50 жылын сарып еткен. Ең кереметі оның коллекциясында АҚШ-тың бір кездегі президенті Билл Клинтон мен баскетбол ойынының хас шебері Майкл Джорданның гольф добы да бар. 
Лондон қаласының тұрғыны Маргарет Тайлер еліндегі ең көп коллекциясымен танымалдыққа ие. Оның үйінде бәрі бар. Он мыңнан астам әртүрлі құнды да құнсыз заттардан коллекция жасаған азаматшаның сөресінен өзіңізге керектің бәрін таба аласыз. 

Ханна Уолкер жеті жасар коллекция жинаушы. Оның коллекциясында екі мың фунт тартатын жуыну кезінде ойнауға арналған түрлі ойыншықтар жинақталған. Оған 41 жастағы әпкесі Эллисон өзінің коллекциясын сыйға тартқан. Тіпті топтама ішінде 1986 жылы жарық көрген түрлі ойыншық бар. 

Флорида штатының тұрғыны Лаки Дж. Майзенхаймер «йо-йо» деп аталатын ойыншықтан коллекция жинау арқылы Гиннес рекордтар кітабына енген. Коллекциясының саны 10 мыңнан асады. 

Сіз коллекция жинаумен айналысасыз ба?! 

М. Ақан