Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемдегі ең қиын және ең оңай тілдер

Әлемдегі ең қиын және ең оңай тілдер

Әлемдегі ең қиын және ең оңай тілдер

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,дейді дана қазақ. Осы бір аталы сөзді бағдарға алып, өзге тілді үйренгісі келетін әрбір қарадомалақ қазақтың «әлемдегі ең оңай және ең қиын» тілдерді білгісі келетіндігі ақиқат.

Осы орайда Лингвистер қауымы: «сіздің жолдаған сауалыңыздың жауабы жоқ, бәрі де өз ана тіліңізге байланысты (мәселен, украиндық пен чех азаматы үшін орыс тілін үйрену тым оңай, ал жапондық және түріктік азаматқа қиынның-қиыны)" - деп жауап қатса, нейрофизиологтар қауымы: «ең қиын тіл – мидың қабылдауына ауырлық тудыратын араб, қытай сынды тілдер» деген пікірді ортаға салады.

Туыстық тұрғыдан қарағанда үйренуде аса қиындық тудыратын тіл ретінде – «баск» тілін атап өтуге болады. Өйткені басктің әлемге танымал тілдердің ешбірімен байланысы жоқ. Біз білетін өлі тілдермен де, тірі тілдермен де ұштастыра алмаймыз.

Ал Гиннестің рекордтар кітабына көз жүгіртер болсаңыз, чиппева (үндіс халықтарына тән), хайда (Солтүстік Американың солтүстік-батысын мекендейтін халыққа тән), табасаран (Дағыстанның кейбір халықтарына тән) және эскимос, қытай тілдеріне ең қиын тілдер деп баға бергендігін оқисыз. Кітапта аталған тілдердегі қиындықтарды былай деп түсіндіреді:

қытай тілі – иероглифтік хаттардың ерекшелігімен қиын,

табаран тілінде 48 септік бар;

хайда тілінде 70 префикс қолданылады;

чиппева тілінде 6000-ға жуық етістік формалары бар;

эскимос тілінде осы шақтың 63 формасы, қарапайым зат есімдердің өзінде 252 флексия бар.

Жазу жағына келгенде, қытай, жапон және араб, корей тілдері ең қиын тілдер болып табылады. Бұл тілдер тіпті жергілікті қолданушылардың өзіне ауыр тиеді. Мәселен, Жапонияда білім беру мерзімі он екі жылға созылады да, бұл уақыттың жартысы ана тілі мен математика пәндеріне арналады. Сондай-ақ жапон оқушыларын мектепке дейін даярлау жұмыстары өте қызу әрі қатаң түрде жүргізіліп отырады. Мектепті аяқтау емтиханында 1850 иероглифті жаттап, тапсыру керек екен.

Тағы бір сұрағымыз жауапсыз қалып барады: «Ең оңай тілдер қандай?

Меңгеруде аса қиындықтарға соқтыра бермейтін, оңай тілдердің қатарына африкаанс, дат, голланд, француз, итальян, норвег, португал, румын, испан және швед тілдерін атауға әбден болады.

Тек қана жеті түрлі тілді меңгеріп немесе жеті түрлі білім ғана біліп қоймай, әлемнің көптеген тілдерін бағындыра білгенге не жетсін!

Суреттер:yadrin.com,iyazyki.ru,vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3246 0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 қыркүйек 2012, 16:35
Пікірлер
+0
20 қыркүйек 2012, 17:13

африка тілі деген тіл бар ма не?

+0
20 қыркүйек 2012, 21:41

Норвег швед және дат тілдерін мен оңай тіл дей алмайм, а вот испан тілі оңай

+0
20 қыркүйек 2012, 21:43

Африкаанс тілі Оңтүстік Африка, Ботсвана, Лесото, Свазиленде, Намибия, Зимбабве және Замбияда кең таралған тіл.

+0
21 қыркүйек 2012, 09:43

Неміс тілін үйренбек ойым бар

+0
21 қыркүйек 2012, 12:28

қытай тілі онша қиын емес. Қызығып қарағанға 3-4 ай көлемінде-ақ нәтижесін көруге болады. Жазуы қиындау әрине, бірақ ол да солай..

+0
21 қыркүйек 2012, 13:22

Өз тәжірибемнен қытай тілі қиын емес, неміс, ағылшын тілдері аз мерзімде меңгеріп шығуға болады. Мұндағы ең басты мәселе - тіл ортасы......Сол жағдайда ғана кез келген тілді үйрену еш қиындық тудырмайды!

+0
21 қыркүйек 2012, 13:37

Немiс тiлiн ен онай тiлдер катарына жаткызуга болады. Француз тiлiде онай. Ал,араб тiлi-оте киын. Алфабиттерiн онай жаттаганмен,жазылу,окылулары оте киын. Китабун(кiтап),джамилятун(адемi)деген создердi гана жазып,оки аламын. :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...