- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Арктикалық мұз қалай...
Арктикалық мұз қалай еріп жатыр? (видео)
Соңғы онжылдықта Солтүстік Мұзды мұхитының мұзы еріп, көлемі айтарлықтай қысқарды. Осыған байланысты, NASA сарапшылары өздерінің бірнеше жылдық қадағалауы барысында жазылған таспаларды ұсынып отыр.
Олар 1984 жылдан осы күнге дейінгі мұздың азаю эволюциясын көрсетеді.
Солтүстік Мұзды Мұхит — Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауданы 14,75 млн. км², суының көлемі 18 млн. км3, орташа тереңдігі 1220 м, ең терең жері – 5527 м. Солтүстік Мұзды мұхитының орта тұсында Солтүстік полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік-шығысында орналасқан Мұзды мұхит — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі. Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасы Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді.
А. Оралқызы