Әлемдегі ең үлкен сиыр

Әлемдегі ең үлкен сиыр
Фото: bugaga.ru

Әлемдегі ең үлкен сиыр Аустралияның оңтүстігіндегі Гленко аймағынан табылды. «Үлкен Му» деген атқа ие түлікті зерттеуші мамандар әлемдегі ең ірі сиыр ретінде рекордтар кітабына тіркемек.

«Үлкен Мудың» салмағы бір тоннаға жуықтайды екен. Бойының биіктігі – 2 метр, ал ұзындығы 4,5 метрден асады.

Ең ерекше сиырды көруге келушілер саны да көп екен. Ал сиырдың қожайыны мен көршілері оның жуас екенін айтады.

- Үлкен Мур өте жуас жануар. Ешкімге кесірі тиген жоқ. Жыл сайын өсіп келеді. Зерттеушілер әлемдегі ең үлкен сиыр екенін мойындап отыр. Енді ресми түрде рекордтар кітабына ену ғана қалды, - дейді сиырдың иесі.

Сиырдың ерекше үлкен болуын зерттеген мамандар оның ми бөлігіндегі гипофиз безінде ісік бар екенін анықтаған. Нәтижесінде өсу гармоны көп бөлінеді екен.

Ө. Сансызбай