Пингвин Блум: Инстаграмы бар сауысқан

Пингвин Блум: Инстаграмы бар сауысқан
Фото: https://www.instagram.com/penguinthemagpie/

Аустралияның Ньюпорт қаласында тұратын Блум отбасы балаларымен бірге Пингвин есімді сауысқанды жанұя мүшесіндей бағып отыр.

Олардың екінші баласы Ной 2013 жылы кітапхананың қасында ұша алмай жүрген балапанды көріп, үйіне алып келеді. Нойдың ата-анасы Камерон мен Сэм оны бағып-қаққаннан кейін Пингвин біртіндеп ұшып үйренген. Қазір ол түзде еркін ұшып жүргенімен, уақытының көп бөлігін осы отбасының балалармен ойнаумен өткізеді екен.

“Әдетте таңда жанұя мүшелерінің барлығы жұмыстарымен шығып кетпейінше, ол да үйде қала береді”.

“Ол қарапайым үй жануары сияқты, үнемі қанатын қағып, өзінің көңілін білдіріп отырады”.

“Сауысқанның балапаны бізге қосылғанда үш апталық болатын”.

“Уақытының көп бөлігін үйде өткізеді”

“Біз оны арнайы диета және құшақтап сезімімізді білдіру арқылы қалпына келтірдік”.

“Егер сыртта басқа сауысқандар жүргенін көрсе, үйге кіріп кетеді, себебі олар бұған тиіседі”

“Ол теледидар қарайды, балалармен серуендейді. Таңда қасымызға ұшып келіп төсекке жатады”

“Егер құс сияқты екі қолыңды қақсаң, ол да дәл солай жауап береді”

“Пингвин душқа да түседі”

“Егер балалар ойнап жүрсе, мен де ойнаймын деп бір баладан екінші балаға ұшып мазасызданады”

“Сауысқанның аты-жөні – Пингвин Блум”

А. Оралқызы