Жүз жастағы әже парашютпен секірді (Видео)

Жүз жастағы әже парашютпен секірді (Видео)
Фото: nbcnews.com

Әлемде көптеген қызық бар. Соның бірі Джорджина Харвуд әжейдің ерлігі. 100 жасқа келген туған күнінде парашютпен секіріп, акуламен бірге суда серуен құрды. Оңтүстік Африканың Кейптаун елді-мекенінде әуеден секірген Джорджина Харвуд супер әжей атағын алып үлгерді. Ең алғаш 92 жасында парашюттен секірген туған күн иесі аз-кем демалып, тағы бір ерлікке қол созды. Көптің жете бермейтін жасын жасаған әжей бұл жолы туған күнін экстремалды тойлауды көздеген екен. Арнайы коршаудағы акулалармен суға түскен супер әжей бойындағы қорқыныштың барлығын сейілтіп тастаған екен. 

B. ZHAQSYMBET