Жер асты қаласынан хабарыңыз бар ма?

Жер асты қаласынан хабарыңыз бар ма?
Фото: boredpanda.com

Жер астында жатқан бір қала бар. Ол – Аустралияның оңтүстігіндегі Кубер-Педи қаласы. 1915 жылы жер асты қаласының іргесі қаланған. Осы уақыттан кейін қала тұрғындары қолайсыз ауа райының әсерінен жер астын паналауды жөн көріпті.

Шахта қазу әдісімен қазылған Кубер-Педи жер асты қаласына айналып шыға келген. Осыған дейін жер қаласының кері әсері табылмаған. Мұнда тұрамын деушілерге барлық жағдай жасалған. Ауа температурасы Цельсий бойынша 24 градустан төмен түспейді. Соынмен қатар, 20 пайыз ылғал сақталып отырады.

Кубер-Педи қаласы туралы ұзақ уақыт бойына ешкім білмеді. Тек 1980 жылдардың орта тұсында құм астындағы қалаға туристер келе бастаған. Араға бір жыл салып Умберто Коро есімді қала тұрғыны жергіліктің елді-мекеннің бизнестегі өрісін танып, жер астынан бірінші болып қонақүй тұрғызған.

Содан бері Кубер-Педи қаласы 3000 тұрғынның арқасында қарқынды дамып, өрісі кеңіп, күннен-күнге гүлденіп келе жатыр.

Е. Жұмабайұлы