Нөсерден Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі құлады

Нөсерден Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі құлады
Фото: borongaja.com

Оқыс оқиға Бейжіңге жақын жерде орын алды. Сел салдарынан ұзындығы 30 метрді құрайтын құрылым бөлігі құлады. Қытайда жауып тұрған нөсерлі жауын салдарынан Ұлы Қытай қорғаны зардап шекті.

Көшкін салдарынан көне құрылымның 30 метрге жуық бөлігі Цзюйюнгуань заставасының маңында құлады. Бұл застава Бейжіңнен 50 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлады "Бэйцзин чэньбао" газетінің электронды нұсқасы.

Застава маңында орналасқан Шисаньлин мемориалдық кешені өкілінің сөзіне қарағанда, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында, сонымен қатар, бір топ археологтар мен геологтар жұмыс істеп жатыр. Олар келтірілген залал мен жаңа көшкіндердің пайда болу мүмкіндігін бағалайтын болады.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы