Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Исландиядағы отағасы күні

Исландиядағы отағасы күні

Исландиядағы отағасы күні

Бұл күндері көне исландиялық қыстың ең ызғарлы айы Торри басталатын. Исландияның әр ауданында жұбайлардың қайсысы жаңа айды қарсы алып, оны қошеметтеу керек туралы әр түрлі дәстүрлер пайда болған. Алайда, көбінің ойынша бұл дәстүрді отағасы жүзеге асыру керек.


Ерте заманда дәстүр бойынша отағасы ерте тұрып, бір аяғымен секіре үйді айнала жүгіруі тиіс. Жүгірген кезде ән салып, Торри айын қарсы алады. Сол заманның діндарлары бұл дәстүрді жат деп санайтын.

Қазіргі таңда осы салтты бастан аяғына дейін орындайтын исланд азаматтары өте сирек кездеседі. Әйтсе де, ерлер күні өз мәртебесін жоғалтқан жоқ. Бұл күні әйел заты ер азаматтарына көп көңіл бөліп, оның қалауын орындап, сый-құрмет көрсетеді.


Қыс мезгілінің ортасында атап өтілетін бұл мереке күні дастархан басына отағасының ең сүйікті тағамы қойылады, шарабы құйылады. Көп жағдайда қой етінен жасалған тағамдар әзірленеді. Тіпті, нәзік жандар жолдастарының қалауы бойынша акула етінен пірілген тағамдарды да дайындайды.

Исландия елінің мерекесін алға тартып, сіз де бүгін өз жұбайыңызға ерекше көңіл бөле аласыз. Сүйікті тағамдарын дайындап беріп, онымен бірге спорт ақпараттарын талқылап, кешке театрға баруыңызға болады.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

3623 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 20 қаңтар 2012, 11:50
Пікірлер
+0
20 қаңтар 2012, 13:18

Біздің елде күнде отағасының күні ғой ))) Дайын тамақ, дайын төсек, жалпы келіп, диванға жайғасса болды )))

+0
20 қаңтар 2012, 13:53

барлық өңірлерде емес... менің білуімше Батыс Қазақстанда ер адамдар әйелдеріне өмір бойы ерекше қызмет көрсетеді, нағыз матриархат )
сенің жазғаның Қазақстанның оңтүстік аймақтары мен Алматы облысына келетін сияқты....

+0
20 қаңтар 2012, 13:54

Батыс жақты білмедім. Батыстың қыздары айтып жіберсін ))

+0
20 қаңтар 2012, 14:08

Батыста көбіне енеге қатысты: келінді оңтүстіктегідей көп жұмсамайды. Ал еркек барлық жерде бірдей ғой.) Диван мен пульт болса, болды.

+0
20 қаңтар 2012, 14:19

Ерлеріне гүл сыйлайтын Исландияның нәзік жандылары жарап тұр) Жылына бір күн ғана күйеулерінің қалауларын орындап, кейінгі күндері әйелдері жындарын қағып алатын шығар)))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...