2016 жыл тарихтағы ең жылы жыл болуы мүмкін

2016 жыл тарихтағы ең жылы жыл болуы мүмкін
Фото: inform.kz

АҚШ ғалымдары 2016 жыл бұған дейінгі барлық рекордтардан асып түсіп, метеобақылау тарихындағы ең жылы жыл атануы мүмкін деп болжап отыр.

АҚШ Мұхит және атмосфера зерттеулері ұлттық басқармасының (NOAA) мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы болатын күннің жылылығы бұған дейінгі барлық рекордтардан асып түсуі бек мүмкін.

«Қазіргі сәттің өзінде (жылдың алғашқы бес айы) 2015 жылға салыстырғанда көрсеткіштер анағұрлым жоғары болып отыр. Сондықтан биыл ең жылы жыл тіркелуі мүмкін», - дейді NOAA қызметкері Джейк Крауч.

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік