Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әр елдердің мектеп формалары

Әр елдердің мектеп формалары

Әр елдердің мектеп формалары

Көп ұзамай жаңа оқу жылы да басталмақ. Оқушылар қалам-дәптерлерімен қоса мектеп формаларын дайындап әлек. Және біздің ғана ел емес, әлемнің бар оқушысы мектепке қамданады. Барлық елде мектеп формасына деген көзқарас бірқатарлы емес. Бір жағынан балалар арасында теңдік қалыптасса, екінші жағынан сапасына көп сын айтылады және оқушылар форма киюге құлықсыз болып жатады.

Ұлыбританияны алғаш мектеп формасын енгізген ел деп есептейді. Онда мектеп формасына тек үстіңгі киім емес, аяқ-киім, тіпті шұлыққа дейін кіреді. Әрбір мектептің өз формасы бар және ол мектеп қабырғасында сақталып, оқушыларға тегін беріледі. Формаға сонымен қатар міндетті түрде мектептің логотипі бар бас киім немесе шляпа және галстук таратылады.

Францияда мектеп формасы тек 1927-1968 жылдары ғана болған. Қазір тек кейбір оқу орындарында ғана бар.

Германия бірыңғай мектеп формасын алып тастағанына 50 жылдан асты, бірақ кейбір гимназиялардың өзіндік формалары болады.

АҚШ пен Канадада жеке мектептерде өз формалары бар, ал мемлекеттік мектептерде бірыңғай форма жоқ, бірақ арнайы dress code сақталуын қадағалайды. Бұл елдерде бір оқу орнын екінші оқу орнынан айыру үшін қызмет атқарады.

Кубада оқушылар ғана емес, студенттер де бірыңғай форма киеді.

Индияда мектеп формасын кию міндетті және ұлдардың мектеп формасы ашық түсті жейде мен қара, не көк түсті шалбардан тұрады. Қыздарға жейде мен белдемше кию міндеттеледі, кейбір мектептерде бір түсті сари киюге рұқсат. Қосымша галстук тағады.

Турцияда біраз уақытқа дейін ашық көк түсті мектеп формасы киіліп келген. Соңғы жылдары бұл форманы алып тастап, әр мектеп өзіндік формаларды енгізуді бастады.

Ең сәнді мектеп формалары Жапонияда болар. Ең алғаш рет форма 1885 жылы Токиолық император мектебінде енгізілген болатын. Содан бері ол аса қатты өзгеріске ұшыраған жоқ. Әрбір мектептің өзіндік формасы болады, алайда түр-түстері бір-біріне ұқсап келеді. Ұлдарда бұл көбіне ақ жейде, мойны көтеріңкі қара пиджак пен шалбар. Бұл костюм «гакуран» деп аталады. Ал қыздарда ақ жейде мен қара пиджак, қысқа белдемше немесе «сейлор фуку» — «матрос костюмі». 

Мьянмалық бүлдіршін оқушылар қарапайым шалбар кисе, ересектер ұлттық лонж-белдемшелер киеді. Ал беттеріне ағаштан жасалатын танака атты опаны күннен қорғау үшін жағады.

Бутандық мектеп формасы да гхо ұлттық киімінің нақышында тігілген.

Кейбір мұсылман елдерде мектеп формасының құрамына орамал да кіреді. Мысалы, Пәкістан.


Ал кейбірі орамал тағу-тақпауда еркіндік ұстанады. Мысалы, Сирия.

Мектеп формасының әртүрлілігімен Африка елдері ерекшеленеді екен.

Уганда мектеп формасы.

Гана

Оңтүстік Африка

Кения

Замбия

Гаити

Солтүстік Корея оқушыларының мектеп формалары Кеңес заманындағы элементтерден құралған сыңайлы. Қызыл галстук бұл елде әлі актуалды.

Қазақстанда біріңғай мектеп формасы 2003 жылдан бері біртіндеп енгізіліп келеді. Қазіргі уақытта ол ақ жейдеден, қара көк пиджак, жилет және шалбардан тұрады. Ал қыздарға ақ жейде, жилет, белдемшеге қоса шалбар да болады.

Суреттер: www.orange-elephant.ru, bigpicture.ru, i-news.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

9772 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 28 тамыз 2012, 16:15
Пікірлер
+0
28 тамыз 2012, 12:55

ал бiз кара койлек,ак фартукпен бiтiргенбiз мектептi. Кыста кара классика улгiсiндегi шалбар киюге рухсат ететiн. Кара белдемше,ак жейде,кара жилеттi 9сыныпка дейiн кигенбiз. 11сыныпта,сонгы бiтiрер жылымыз болгасын,оз сыныбымыздагы кыздар акылдаса келе,Наурыз айында кара белдемше,ак жейде жане жилеттiн орнына,кыска пешпент кигенбiз. Кыздардын шашы узын болатын,екi орiм жасап,ак бантик немесе шолпы тактык.

+0
28 тамыз 2012, 15:04

өзіміздікі әдемаааа :) негізі форма киген дұрыс по моему)))

+0
28 тамыз 2012, 17:06

маган біздің аналарымыз киген форма-фартук қатты ұнайды ;)

+0
29 тамыз 2012, 17:15

біздің мектептің формасының түсі қызық, бордовый цвет :|

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...