Қаймақ пен құлпынай қосылған өзен

Қаймақ пен құлпынай қосылған өзен

Кейде күні мен түні алма-кезек ауысып, зымырап өтіп жатқан өмірдің аласапыранынан алыстап, көзіңді жұмып алып, ертегі әлеміндегідей мекендерге кетіп қалғың келеді. Мұндайда «қойшы, қайда барамын?» деп өзімізге тоқтау айтып жатамыз.

Қуаныңыз! Біз армандайтын ертегідей сиқырлы әлем бар екен! Дакарадан 30 шақырым жердегі Сенегал жерінде Лак-Росе деген атауға ие болған таңқаларлық алқызыл өзен бар. Кейде бұл өзенді Ретба деп те атай береді.

Күмәндәніп отырсыз ба? Жо-жоқ, бұл сіз ойлағандай фотошоп немесе жасанды құбылыс емес, ондағы өзен қаймақ қосылған құлпынай секілді расымен де алқызыл түсті болып ағып жатыр.

Аталған «десерттің» дәмін татып көрудің қажеті жоқ, өйткені Ретба өзенінің суы біз білетін Өлі теңіздің суынан бір жарым ащы келеді. Тұздың концентрациясы бір литрге 380 грамнан келеді.

Әрине, тірі ағзалардың мұндай қиын жағдайда өзенде өмір сүруі адам сенгісіз нәрсе. Мұнда өмір сүретіндер - Рета өзеніне алқызыл түс беріп тұратын галофитті бактериялар болып табылады.

Мұнда өзен суының сәні саналатын – балықтар да, балдырлар да жоқ. Жайбарақат қана ағып жатқан судағы қайықтар Өзеннің қалың қабатын құрайтын тұздарды жинаушылар мен жергілікті тұрғыдарды ары-бері тасып жатады. Өзен жағалауында жұмысшылар мен саудагерлер мекен ететін тұтас бір ауыл орналасқан.

Тұз табыскерлері денелеріне суы адам нанғысыз ащы өзеннен тиетін зияннан қорғайтын арнайы майларды жағып алып, таңнан қара кешке дейін жұмыстарын істейді. Түбіне дейін қазып, оларды арнайы себеттерге салып, қайықтарына тиаген күйі жағалауға алып шығады. Тұздарды жақсылап кептіріп, содан кейін балшықтар мен құмдардан тазарту үшін қайта жуады. Күнге әбден күйген алқызыл өзеннің тұзы әп-сәтте қардай аппақ тұзға айналып шыға келеді де, сатылымға шығарылады.

Ретба өзеніне батып кету мүмкін емес, тұзға әбден қаныққан су - түбіне батып кетуге кедергі болады. Өмірден баз кешкен кейбір жандар «қанды» өзенге сүңгіп, жоқ болып кетуді ойлап келіп, табиғат тамашасын көргенен соң, өз ойларынан бас тартатаын көрінеді.

Алыс-жақын шет елдерден келген туристер мұнда суреттерге түсіп, жақсылап сергіп, Табиғат- Ананың алдында  сансыз рет бас иіп қайтады.

Суреттер: www2.newsanons.ru,mirfactov.com,fotogeog.ru,mypleer.com,turmir.info

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева