Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Көркіне көз тоймас Фудзисан

Көркіне көз тоймас Фудзисан

Көркіне көз тоймас Фудзисан

Фудзисан... Жапон халқы өздерінің ең биік, ең атақты және ең ғиззатты тауларын нақ осылай атайды. Ал сіз бен біз тауды өз бетімізше Фудзияма деп қате атап жүр екенбіз. Тау Токио қаласынан 97 км жердегі Хонсю атты аса көлемді аралда орналасқан. Жапон мәдениетінде алар орны айырықша Фудзисанның биіктігі 3798 метрді құрайды.

    Қытымыр қыста

Ықылым замандардан бері олардың ата-бабалары әрбір таудың өз Рухы болады деген сеніммен тау бөктерлеріне ғибадатханалар тұрғызып келеді. Фудзисан да сондай қасиетті таулардыі бірі әрі бірегейі.

Ару қала Алматымыздың қоршаған асқар Алатаудың шыңдарынан жаздың күндерінде де еш кетпейтін бірлі-жарым ақ қарларды байқап жүрген боларсыз. Ал, Фудзисан тауының шыңындағы мәңгі кетпес ақ қардың құпиясы тіптен басқаша десе де болады.

Көгілдір көктемде

Күндердің күнінде Фудзи Рухына жапондықтардың Ұлы Бабалары қонаққа келеді де, түнейтін жер сұрайды. Сол уақытта рухтың уақыты болмағандықтан, өтінішті орындаудан жалтарып, қолын бір сілтейді. Мұнысына ашуланған Ұлы Баба: «Сенің шыңдарыңа ешбір адам шығып, саған тағзым жасамайды, өйткені ол жерді бұдан былай мәңгі қар басатын болады!» деп қарғыс айтқан екен. Негізінде таудың биігіне 1 шілде мен 30 тамыз аралығында көтерілуге болады.

Жайма-шуақ жазда

Сонымен қатар, Фудзисан – жанартау. Мұндағы жанартаудың атқылауы соңғы рет 1707 жылы болғандығымен, жергілікті үкімет тауды 2009 жылы аса қауіпті аймақтар қатарына қосқан көрінеді. Таудың қауіпті деп танылуы жыл сайын осында ағылып келіп жататын туристер санын көбейтпесе, азайтқан емес.

Күрең күзде

Көптеген қолы алтын суретшілер мен сұлу сөзді құрметтейтін ақиық ақындар Жапонияның нышанына айналған Фудзисан тауының төрт мезгілде де өзгеріп тұратын көз тоймастай көркінен шабыт алып, оның сұлулығын әлемге паш етуден жалыққан емес. Ерекше үйлесімділік пен кіршіксіз тазалықты бір бойына ұялата білген Табиғат Тамашасы сізді де таң қалдырып, шығармашылығыңызға шабыт берер деген үмітіміз бар.


Суреттер:explorejapan.ru,asialog.livejournal.com,japangid.ru,fotoflickr.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3370 4
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 21 тамыз 2012, 13:17
Пікірлер
+0
21 тамыз 2012, 15:52

Фудзияма деп айтқан да қате емес. "Яма" да. "сан" да тау деген сөз. Яма - жапонның төл сөзі, ал "сан" жапоншаға қытай тілінен енген (мысалы, Тәңіртаудың Тянь-Шань деген қытайша атауындағы шань - тау). Жапоншада тау сөзі 山иероглифімен жазылады. Ал оқылғанғанда сан ("он" оқылуы) немесе яма ("кун" оқылуы) деп айтылады. Мұндай жазылуы бір, оқылуы әртүрлі сөздер жапон тілінде толып жатыр.

+0
21 тамыз 2012, 16:02

таудың әдемілігін ай!!!

+0
21 тамыз 2012, 16:35

Айтпаңыз, керемет сұлу тау.

+0
21 тамыз 2012, 16:36

сөз жоқ тіпті көркіне

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...