Әлемде сирек кездесетін жануарлар

Әлемде сирек кездесетін жануарлар
Фото: adme.ru

Табиғат-Ананың шексіз құдіреті бізді таңғалдыруын тоқтатқан емес.  Себебі сіз көрмеген, білмейтін тіршілік иелері әлі де көп.  Алайда біз олармен бір планетада өмір сүріп жатырмыз. Күн сайын олар туралы жаңалықтар ашылып, тың мәліметтер табылады. Назарларыңызға сіз естіп, көрмеген және әлемде сирек кездесетін 10 жануар түрін ұсынамыз.

Ор қоян

Ор қоян – өте сирек кездесетін жануарлардың бірі. Бұл 20 жыл бойы күткен ор қоянның суреті немесе Тянь-Шань шыңындағы ор қоян.

Пиноккио орман бақасы

Пиноккио ер бақасы өзінің жұбын іздегенде не болмаса бір қауіпті сезгенде, оның созылған мұрны жоғары қарай көтеріледі. 

Бирманың тұмсықты маймылы

Әлемдегі сирек кездесетін жануарлардың бірі 2010 жылы Бирманың таулы аймағынан табылған. Бұл маймылдың өзгелерден бір ерекшелігі   жаңбыр жауған кезде түшкіреді.

Алқызыл дөңгелек балық

Осыдан бірнеше жыл бұрын ғалымдар қанаттары қолға ұқсас 14 балық түрін тапқан болатын. Осы 14-нің 9 түрі өте қауіпті балықтар болып шықты.

Ұшатын ақ тышқандар

Үлпілдек ақ тышқандар Орталық Американың шатыр тәрізді геликон жапырақтарында өмір сүреді. Олар жеміс-жидекпен қоректеніп, бойлары тек 4,7 см-ге дейін ғана өседі.

Сегізаяқты Дамбо

Су тереңінде өмір сүретін тіршілік иесіне "Дамбо" атауы аяқтарының арасында орналасқан жүзбе қанаттарының негізінде берілген. Ал оның алдыңғы екі қанатын пілдің құлақтарына ұқсатып жатады.

Қызғылт көзді шегіртке

Ерекше көздерімен ерекшеленетін бұл шегіртке Тынық мұхитының Мюллер Рэндж таулы қыратында тіршілік етеді. Мұның көздерін үрме бұршаққа ұқсататындар көп.

Cherax Pulcher түрлі-түсті шаяны

Көздің жауын алатын әдемі түсті бұл шаян өткен жылы Индонезиядан табылған.

Жұмсақ сауытты қытай альбинос тасбақасы

Жұмсақ сауытты тасбақа ұзын мойыны мен танауы арқылы су астында демалады.

Тұтқа құлақты ұшатын тышқан

Бақырайған көзді және түтікше тәрізді мұрны бар бұл тышқан Жаңа Гвинеяның Папуа орманынан табылған. "Сәтті соғыстағы" шеберге ұқсағаны үшін оны "Йода" деп атап кеткен.

Амазон өзенінің дельфиніъ

Амазон дельфиндері жас ерекшеліктеріне қарай түстері де өзгеріп отырады. Мәселен, жас амазон дельфині сұр түсті болса, жасы келгендері қызғылт түске ауысады.  Бұл дельфиндер сұсты әрі қолға тез үйретілмейді. Сонымен қатар олар сирек кездесетіндіктен, тұтқында ұсталады.

Н. Үсенова