Ауаны суға айналдыратын бөтелке (бейне)

Ауаны суға айналдыратын бөтелке (бейне)
Фото: inhabitat.com

Аустралияда Кристоф Ретезар атты дизайнер ерекше бөтелке ойлап тауыпты. Fontus Airo және Fontus Ryde деп аталатын бөтелкелер ауаны суға айналдырады. Бұл өнертабыс саяхатшыларға арналған: Airo жаяу жүрген кезде таптырмайтын ыдыс болса, ал Ryde бөтелкесін велосипедке қыстырған ыңғайлы.

Ал олар ауаны суға қалай айналдырады? Бөтелкенің қақпағына кірген ауа сол жерде салқындап, конденсацияланып, сүзіліп, бөтелкенің ішіне су күйінде құйылады. Fontus Airo бөтелкесінде баламалы қуат көзі болып табылатын күн батареясы бар. Өнертапқыштар қолданған ерекше технологиялар арқасында бұл ыдыстардың көмегімен ауаны қалаған кезде суға айналдырып алуға болады..

Дереккөз: 24.kz

@. @assel_assanova