Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Рио-де-Жанейро - ғажайыптар мекені

Рио-де-Жанейро - ғажайыптар мекені

Рио-де-Жанейро - ғажайыптар мекені

Рио-де-Жанейро – ұшар басы аспанмен таласқан асқар таулардың, көрінісі көз тартар ұзынды-қысқалы өзендер мен теңіздердің, әдемі жағалаулардың арасында, Бразилияның жүрегінен орын тепкен «ғажайыптар қаласы». Төрт ғасыр бойы қала Оңтүстік Американың туризм орталығы мен сұлулықтың астанасы саналып келеді. Ертегі әлеміндегідей таңғажайып қаланың тұрғындары: «Құдай әлемді алты күнде жаратса, жетінші күні Рио-де-Жанейроны жаратты» деп аңыз айтатын көрінеді. Халық айтса, қалт айтпайды! Қала әлемдегі ең сұлу мекендердің бірі әрі бірегейі.

Ең алғаш рет 1763 жылы Рио-де–Жанейро мемлекеттің әкімшілік қаласы деген мәртебеге ие болады. Жылдар бойы шаһардың тұла бойында тұнып тұрған қазба байлықтар Еуропаға әкетіліп жатты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан иммигранттар да Рио-де-Жанейро арқылы өтетін еді. Нәтижесінде, ХХ ғасырдың аяғында Рио 15 миллион халқы бар Оңтүстік Американың ең алып қаласына айналып шыға келді.

Рионың негізгі құндылығы саналатын Кешірімді Иса Пайғамбар мүсіні – әлемдегі ең танымал монументтердің қатарында. Мүсінді тұрғызуға 9 жыл уақыт кеткен (1922-1931ж.ж). Оның биіктігі – 38 м, ал іргетасы – 8 м, салмағы -1145 тоннаны, қолының құлашы – 30 метрді құрайды. 2007 жылы мүсін әлемнің жаңа жеті кереметінің қатарына қосылды.

Риоға ат басын бұрсаңыз, Корковада тауында болуды ұмытпаңыз. Таудың 700 метрлік шыңынан таңғажайып көрініске куә боласыз: Кешірімді Иса Пайғамбардың мүсіні атағы жер жаратын Копакабан құмды жағалауларына,  әйнекпен аптап, зеңгір көкке тіреп тастағандай төбесі әрең көрінетін салтанатты қонақ үйлер мен «Маракана» стадионынан қарап тұрады.


Жергілікті тұрғындар қаланы Ескі шаһаржәне Жаңа шаһар деп екіге бөледі. Ескі шаһарда кеден, кеме жөндейтін порттар, әскери құралдар жасайтын орындар, Ұлттық Көркемөнер академиясы, мұражай, театр сынды мәдени ошақтар орналасқан. Ал Жаңа шаһар тиынды бақпен, негізгі вокзалмен, мүгедектер үйімен, Ипанема және Копакабана жағалауларымен және әлемдегі ең үлкен футбол стдиондарының бірі– "Мараканамен" танымал.

У-шуға толы көшелерге толы болғанымен, Риода көптеген саябақтар мен ботаникалық бақтар да жетерлік. 1808 жылы негізі қаланған ботаникалық бақта жер жүзінен жиналған өсімдіктің 7000 түрі бар.

Дәл осы жерде атақты пальмалар гүлзарын және экзотикалық жануарлар мен құстардың коллекциясын көре аласыз. Ботаникалық бақ қаншама жылдардан бері көптеген туристерді өзіне шақырудан шаршаған емес.

Суреттер:footballchik.ru,krasivyemesta1.ru,novostinz.co.nz,wallpaper.zoda.ru,ua-travel.com.ua

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

12727 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 тамыз 2012, 17:58
Пікірлер
+0
16 тамыз 2012, 10:48

неткен әдемі көрініс 3ші суретте. барғым келіп кетті :)

+0
16 тамыз 2012, 12:09

Келесі Олимпиаданың отаны :)

+0
02 қыркүйек 2013, 12:04

соз жок..керемет...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...