Аралар астық түсімін арттырады

Аралар астық түсімін арттырады
Фото: liveinternet.ru

Аралар өсірілген жердегі егістің түсімі артады. Жақында зерттеу жүргізіліп, онда аралардың кез келген түрінің пайдалы екендігі, егістіктің түсімі олардің қаншалықты көп келуіне байланысты екендігі анықталған.

БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы аралар - әлемдегі екі миллионға жуық шағын шаруа қожалықтарға өнімді арттыруда, әрі жер бетіндегі халықтың азық-түлікпен қамтылуының жақсаруында басты рөл атқаратынын атап өтті. «Біздің зерттеуіміз тозаңдандырушылардың көбейгені - яғни ара түрлерінің өсімдікке ұшып-қонуына жағдай жасау түсімге тікелей әсер ететіндігін көрсетті», - дейді ФАО зерттеуінің авторларының бірі Барбара Геммилл-Херрен.

Жабайы ара қызанақ гүлін жақсы тозаңдандырады. Ал бал арасы болса керісінше әдемі гүлі бар өсімдікті ғана таңдайтын болып шықты.

Сарапшылар, шағын фермерлер ауылшаруашылығы өсімдіктерінің түсімін арттыру үшін өз алқаптарының айналасына гүлдер егіп, пестицид пайдалануды азайтқаны жөн деп кеңес береді.

 Дереккөз: inform.kz

Ө. Сансызбай