Жақын адамын кинодан көріп қалған апа мен ата

Жақын адамын кинодан көріп қалған апа мен ата
Фото: simpliflying.com

Кейбір кездері кей жағдайлар адамдарды басқа қалаға немесе тіпті басқа мемлекетке көшуге итермелейді. Мұндай сәтте ең ауыры − жақын адамыңнан қол үзу. Үш жыл бұрын Эсме есімді қыздың ата-анасы өздеріне қолайлы жұмыс тапқандарына байланысты Лондон қаласынан Аустралияға көшіп кетеді. Ал қыздың апасы мен атасы Англияда қалып қояды. Әрине, олар бір-бірлерін қатты сағынады. Скайппен сөйлесіп, жиі-жиі жөн де сұрасады. Дегенмен жүзбе-жүз кездесіп, немересінің маңдайынан бір иіскегенге не жетсін.

Қалай екені белгісіз бұл таңғажайып оқиғаны британиялық British Airways компаниясы естіп, жанұяға көмектескілері келеді. Компания Эсме туралы қысқаметражды фильм түсіріп, атасы мен апасына жүз ұйықтаса да түсіне кірмейтін таңғажайып оқиға ұйымдастырады. Олар кездейсоқ кинотеатрдан кино көрейін десе, сүйікті немелері туралы киноға тап болады. Ары қарай өздерініңіз тамашалаңыздар.

С. Ерсін