Бір текшеде – 6 сурет

Бір текшеде – 6 сурет
Фото: boredpanda.com

Томас Медикус есімді суретші оптикалық иллюзия өнерімен тың дүние жасаған екен. Ол алдымен кішкентай әйнектерді бояп, өзі ойлаған суреттерді кескіндеп, құрастырып шығарған. Кейін барлық суретті біріктіріп, текше формасымен жасаған.

Осындай суретті шығару үшін 216 әйнек пайдаланған екен.

Суретші бір суреттің сыртқы нобайы мен қарама-қарсы беттегі суретті байланыстырып жасаған.

Үш жақты кеңістікті тиімді пайдалана отырып, бір оқпен бірнеше қоянды атқан. 

Г. Берік