Германияда ірі банк қателесіп, клиентке $6 млрд аударып жіберген

Германияда ірі банк қателесіп, клиентке $6 млрд аударып жіберген
Фото: businesstimes

Deutsche Bank-тің валюта сату бөлімінің қызметкері жаңылысып, АҚШ-тағы жеке қорлардың біріне $6 млрд аударып жіберген.

Reactor.inform.kz хабарлағандай, абырой болғанда қателік келесі күні анықталып, ақша банктың есеп-шотына қайтарылады.

Банк болған оқиға туралы британиялық қаржылық бақылау орталығына, Еуропалық орталық банк пен АҚШ-тың Федералды резерв қорына хабарлап, әлемдік қаржылық қауымдастығын біраз дүрліктірген көрінеді.

Дереккөз: NUR.KZ

С. Ерсін