Римдік Колизейге жөндеу жұмыстары жасалынбақ

Римдік Колизейге жөндеу жұмыстары жасалынбақ

Атақты Римдік амфитеатрлардың бірі ретінде сақталған Римдік Колизейге жөндеу жұмыстары осы жылдың желтоқсан айының басында басталып 2015 жылдың маусым-шілде айларына дейін жүргізілетін болады.

Римде өткен пресс-конференцияда Мәдениет министрі Лоренцо Орнаги, Рим мэрі Джанни Алеманнолардың қатысуыммен жөндеу жұмыстарының жоспары ресми түрде таныстырылған. Бұл игі істі бастауға себепкер болып, демеушілік жасап отырған Tod's тобының басқарушысы Диего Делла Валле екен.

Ол осы жобаға 25 миллион евро салып отырған көрінеді.

Қала басшысы Джанни Алеманноның айтуынша ежелгі амфитеатрға 70 жылдан бері жөндеу жұмыстары жасалмаған екен.

Соңғы рет жөндеу жұмыстары 1938-1939 жылдары жүргізілген.

Пресс-конференцияға қатысушылар атақты ескерткішке жасалатын бұл жөндеу жұмыстары жоғары деңгейде өтетініне және алдағы уақыттарда да туристерді көптеп тартатын тарихи орынға айналатынын айтып уәде берген.

Осы жобаға байланысты соңғы келіп жеткен мәліметтерге сенетін болсақ, Делла Валлемен келісім-шарт 2011 жылдың 21 қаңтар күні жасалып, қол қойылған. Жөндеу жұмыстары өткен жылдың соңында-ақ басталып кетуі керек болатын. Tod's тобының жағдайына байланысты кейінге қалдырылып келген.

Ежелгі амфитеатрға жөндеу жұмыстары түрлі кезеңдер бойынша жүргізілетін болады. Желтоқсан айының соңына жоспарланып отырған алғашқы кезең бойынша ескерткіштің солтүстік және оңтүстік маңдай бетін тұрғызу жұмыстары басталатын болады.

Ал екінші кезеңі бойынша есркеткіш алдына туристерге  арналған сервис орталығын салу жұмыстары қолға алынады. Бұл жайлы Рим  ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссары Мариарозариа Барбера баян еткен.

Колизей 72-80 жылдары император Веспасиан Флавийдың әмірімен салынған. Алғашында бұл есркерткіш гладиатор батырлар ғана көңіл көтеретін орын болған.

Жыл сайын Римдік Колизей шамамен 6 миллиондай туристерді қарсы алады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: zastavki.com, buro247.ru, vzglyadzagran.ru, static.f1news.ru, posmotrimir.ru, ru.wikipedia.org

А. Әбілхан