Әлемдегі ең үлкен торт

Әлемдегі ең үлкен торт
Фото: baltnews

Итальяндық кондитерлер, торт дизайнерлері, ұлттық қауымдастық суретшілері миландық «Шоу хобби» аясында әлемдегі ең үлкен торт пісірді.

Алып десерт Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның жалпы көлемі 244 шаршы метрді, ұзындығы - 16,46, ені 13,94 метрді құрады. Оның салмағы тоннадан асады. Торт Италия картасымен және елдің атақты көрнекі орындарының көшірмесімен безендірілген. Оның ішінде Пизан мұнарасы мен Альпі таулары бар. Тортты дайындауға төрт күн кеткен.

Итальяндық аспаздардың өнімі 2014 жылы Лондонда орнатылған рекордты жаңартты.

Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері тортты тіркеген соң  десерт 12 мың тілімге бөлінді және жәрмеңке келушілеріне таратылды, — деп жазды  MIGnews.com.ua.

Дереккөз: Казинформ

С. Ерсін