Құмды Марафон

Құмды Марафон

Құм Марафоны немесе Сахара Марафоны – 6 күнге созылып, бір пәсте 251 километрді басып өтуге талап қойылатын күрделі дода. Жүйелі түрде өткізіліп тұратын алты бірдей марафонға баланатын Құмды Марафон жыл сайын Оңтүстік Мароккода Сахара құмында өткізіліп тұрады және Жер бетіндегі ең қатал, ең қиын бәйге болып табылады.

5000$ көлемінде тұратын аса қымбат әрі қайталанбас сәт сыйлайтын жарысқа қатысуға кім-кімнің болсын жүрегі дауалай бермейтіні анық. Қатысушылар өздерімен бірге барлық керек-жарақтары мен тағамдарын жолдорбаларында алып жүрулері қажет. Су және шатырларды марафонды ұйымдастырушылар өз мойындарына алады. Бір күнде 9 литр су беріледі және қатысуышлар түнде шатырларда ұйықтайды.

Ең алғашқы марафон 1986 жылы өткізілген. Ол кезеңнен бері  шамамен 12000 адам қатысып үлгерген. Нәтижесінде марокколық қатысушы Лахсен Ахансал 10 рет жеңіске жетіп, рекорд жасаған. Сайыс тарихында екі ғана жазатайым оқиға орын алған.

Марафон тарихындағы ең қызықты оқиға – итальяндық полицей Мауро Просперидің басынан өткен. Мауро марафонға 1994 жылы қатысқан көрінеді. Ол бағыттан адасып, құмды дауылға тап болған. Үрейлері ұшқан марафон ұйымдастырушылары оны 9 күн бойы таба алмайды. Кейіннен итальяндықты әбден ескіріп кеткен мешіттен тауып алады. Мауро Проспери 9 күн бойы жарқанаттарды қорек етіп тірі қалған және 13 келіге арықтаған екен.

Суреттер: lifeglobe.net,lifeglobe.net,doseng.org,topdesert.com,gr.neftegaz.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева