Мексика туралы қызықты деректер

Мексика туралы қызықты деректер
Фото: www.el-mar.ru

1821 жылы 28 қыркүйек күні Мексика тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік мерекесіне орай, ел жайында бірқатар ақпаратқа қаныға отырыңыздар.

Мексиканың ұлттық тағамы – буррито және тако.

Қамыры жүгері, бидай, тіпті кактус ұнынан жасалып, ет, тауық еті не көкөніс салып, міндетті түрде асбұршақ пен ірі бұршақ, ащы чили соусын қосып дайындайтын ас.

Жеміс-жидекті көшеде қабығынан тазартып, турап, сыртын қаптап сатады.

Текила – осы сусынды жасап шығаратын мексикалық қала атауы.

Бұл жерде жүгері әмбебап тағам саналады. Оны шикілей де, қайнатып та, қақтап та жейді. Одан шелпек, көже, йогурт, жүгері балмұздағын да жасайды.

Етті күннің ыстығына қарамай тоңазытқышсыз, іліп қойып сатады.

Супермаркеттерде сатушылар бетін дәкемен орап жүреді.

Кариб жағалауында құм тым ұсақ, ақ түсті және күнге қызбайды. 40 градус ыстықта да жалаң аяқ жүруге болады.

Кариб теңізінің суы өте ыстық, жыл бойы 25-28 градус болады.

Канкун және Тулум жағалаулары әлемдегі ең үздік жағалау ондығына кіреді.

Мексика таксистері терезесіне жүргізушінің суреті бар лицензия іліп жүруге міндетті. Түсініспестік орын алмауы үшін, рөлдегі адам өз суретін қойғаны лазым.

Таксилер бағасы қауіпсіздік шарасы жасалған сайын қымбаттай түседі. Негізінен, соншалықты қымбат емес. Қоғамдық көлікпен жүргенге қарағанда, 3-4 адам болып бір таксиге отырған тиімді.

Жергілікті телефон-автоматтан қоңырау шалу бағасы сөйлесу уақытына байланысты емес. Қалалық шексіз сөйлесу құны 3 песо тұрады (25 цент).

Мексика 2240 метр биіктіктегі тауда орналасқан. Күндіз ыстық, таңертең және кешке айтарлықтай салқын болады.

20 миллион халқы бар астанасының өзінде час пик кезінде де метрода адам аз болады.

Әр метро бекетінде велосипед тұрақтары орнатылған. Жеткенше велосипедпен келіп, ары қарай метромен баруға ыңғайлы.

Туристер тарту үшін жалға велосипед беретін арнайы орындар бар.

Астанада метро мен автобус ортасындағы Метробас атты ерекше қоғамдық көлік бар. Сыртқы келбеті автобусқа ұқсас, екі бөлікті, өзінің арнайы белгіленген жолағымен ғана жүреді.

Тұрғындар көпшілігі туған бойда қатарынан екі есім қояды. Мысалы, Адди Мария және Карлос Антонио.

Медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Бірақ оның сапасы да жақсы емес. Дұрыс емделгіңіз келсе, ақылы бөлімге барасыз.

Білім беру де тегін. Мектеп оқушылары тегін тамақтанумен, киіммен қамтамасыз етіледі. Университетте де шәкіртақы беріледі. Бірақ көбісі оқығысы келмей, бірден жұмысқа орналасуға асығады.

Ауыр жүкті, әсіресе, әйелдер қауымы басына қойып көтереді.

@. @assel_assanova