Түйе неге түкіреді?

Түйе неге түкіреді?
Фото: www.zastavki.com

Түйе – ерекше жануар. Оны кейбіреулер әдемі жануар десе, енді біреулер түрі қорқынышты деп, тұра қашады. Араб тілінен аударғанда «түйе» сөзі «сұлулық» деген мағынаны білдіреді.

Түйелердің ерекшелігі сол, олар бір ішкенде 200 литр суды бір-ақ іше алады. Демалуға не ұйықтауға жатқанда өздігінен тұрмаса, орнынан қозғау қиын. Ауыз қуысы мен ерніне зақым келтірместен тікенектен бастап, кез келген нәрсені жей береді.

Түйенің түкіруі – олардың арасында қақтығыс болған кезде туатын құбылыс. Түкірсе, өзіне шабуылдаған қарсыласын жеңдім деген белгісі.

Түйелерді бір-бірімен шағылыстырғанда, аталығының түрі суреттегідей болады.

Ал адамға қарап түкіруінің себебі – оны да жау деп ойлау. Жанына жақындаған кісіден қауіп сезінсе, эмоциясын түкіру арқылы шығарады.

Солтүстік Африкада түйе өте қасиетті жануар саналады. Оны шекара қауіпсіздігіне де қолданады.

@. @assel_assanova